Ағымдағы айдың 17-сі күні мектебімізде 5-9 сыныптар арасында, Совет әскерлерін Ауғаныстан жерінен шығаруының 28 жылдығына орай, ашық тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатының барысында, Ауған соғысы жайында көптеген ақпарат берілді және ардагерлермен таныстырылды.