«Шал ақын ауданының Бірлік негізігі мектебі» КММ
Наурыз мерекесінің есебі 15.03-20.03.17.
Бірлік негізгі мектебінде 15 наурыз күні барлық сыныптарда «Ұлыстың Ұлы күні» атты сынып сағаттары өткізіліп, Наурыз мейрамына арналған іс-шаралар өткізілді.
Жұмыстың мақсаты оқушыларға мейрамның қалай шыққанымен және қазақ халқының салт-дәстүрлері мен Наурыздың қасиетті белгілерімен таныстыру болды. Мектепалды бүлдіршіндері мен шағын орталық бүлдіршіндері арасында ұлттық нақышта концерттік бағдарлама өтіп, барлық сыныптарда «Наурыз – жыл басы» концерті өткізілді.
Барлық сыныптар белсенді қатысып, өз өнерлерін көрсетіп, ұлттық киімдерін киіп келді. Қазақтың мерекелік дастарханымен таныстырылып, дәм татқызылды. Сонымен қатар мектепте қазақ халқының ұлттық ойындары бес тас асық, тоғыз құмалақ ойналып, қазақ күресі мен воллейболдан турнир ұйымдастырылды. Мектептегі сыныптан тыс іс-шаралар өте қызықты өтті. Балалар тек мейрам туралы ғана айтып қойған жоқ, барша азаматқа жақсылық пен көктей көгеріп-өсе беруді тіледі.
Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер қауымы оқушыларға осындай үлкен іс-шараға белсенді қатысқан үшін алғыс білдірді.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау