Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530586
<

 ВЫБОР 

введите текст

14-сәуір күні "Құстар күні" мерекесіне орай 4-9 сынып оқушылары арасында “Құстар - біздің досымыз” атты іс-шара өтті.

Тақырыбы: “Құстар- біздің досымыз”

Мақсаты:

Білімділігі: Табиғат жайлы түсінігін тереңдету, жалпы құстардың пайдасы жайлы мағұлмат беру,барлық тыныс тіршіліктің бастауы, көктемнің ерекшелігін байқату, құстарды қорғау ,қарсы алу.

Тәрбиелік: Отанын жерін, орманын , көлін- табиғатты сүюге, ақ – құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Құстардың суреті, үнтаспа, қанатты сөздер,шар, гүл, көктем көрінісі.

Кіріспе сөз:

1-жүргізуші -Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар!  “Құстар біздің досымыз” атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер. Мен баршаларыңызды көктем мерекесімен құттықтаймын. Бұл мереке табиғаттың қысқы ұйқыдан оятуын танытатын кішкентай ғана табиғаттың бір бөлігі, көктем жаршысы құс мерекесі.

   Біздің халқымыз кең далада, табиғат құстары бай далада өскен. Сонымен 1 сәуір  күні әлем жұртшылығы Құстар күнін де атап өтеді.1906 жылдың 1сәуірінде құстарды қорғау туралы Халықаралық конвенция қабылданған болатын.Қазір аталған құжатты әлем елдерінің барлығы дерлік қолдады.

      2-жүргізуші:  Халық « көкек келді-көктем келді » - дейді. Қадірі мен қасиеті онша емес, осы  бір құстың аты неліктен ең тамаша ай атына теңеу болады екен? Кәне кім біледі?
      1-жүргізуші:  Бұл кезде қар еріп, ағыл-тегіл бұлақтар ағады. Жер беті жасыл көрпе жамылып,көзге  ыстық , көңілге жарқын жауқазындар гүлдеп алқа тағады.Осы кезде көкек келеді .Не деген ғажап «кө-кек,кө- кек» деп ән салады.Сондықтан да «сәуір» айы «көкек» айы деп аталады.
       Көкектің пайдасы бар ма екен?   
             2-жүргізуші:Өз ұрпағына ұқыпсыз болса да көкек пайдалы құстың біріне саналады.Көкектің балапаны бір күнде 39 шегіртке,43 жұлдызқұрт,4 өрмекші және басқа және басқа жәндік тердің жұмыртқалары қорек етеді.
 Қазақстанда жалпы қанаттылардың 500 түрі мекен етеді. Ал бүкіл жер шарында тоғыз мыңға жуық түрі бар. Әр құстың өз «кәсібі» бар. Біреулері ән айтса ,екіншілері –құрылысшы. Құстар сонымен бірге «дала дәрігері» деп те аталады екен.
1-жүргізуші: Бір қарлығаш бүкіл жаз бойы 1 миллион  құрт жейді деп ғалымдар зерттеген:

2-жүргізуші: Пайдалы құстардың бірі – қараторғай.Бір топ қараторғай бүкіл балапандарымен  бірге 22 тонна шегірткені азық етеді.Қараторғай –орман қорғаушылары.
1-жүргізуші: Үйіміздің қасындағы кіп-кішкентай торғай бір жылда бір өзі ғана 4 миллионға жуық  зиянды құрттарды жейді. 
2-жүргізуші: Тоқылдақ – орман  құсы. Ол өз тұмсығымен ағаш қабығының астынан оңай табады. Бір тәулікте 200-ден астам зиянкестің көзін жояды.
1-жүргізуші:  Міне , өлкемізге көптен  күткен осы  құстар дотарымыз да келіп жетті.
Олар көлдер менөзендерді ,шөл далалар мен қалың ормандарды, биік-биік тауларды басып ұшты.
1-Жүргізуші: Халқымыз табиғат тылсымын ерте заманнан-ақ түсініп,оны    
                          тұрмыс тіршілігіне арқау етіп қолдана да білген.
    1-Жүргізуші: Құстарға байланысты кім қандай жорамал біледі? Ел арасында ауа райын болжағанда ақбас тырнаның келу-
    қайтуына қараған .Тырналар тым төмен ұшса,ұзамай күн суытады, ал 
    жоғары самғап бара жатса , күн ұзақ болады делінеді.Кеш қайтса ,қыс     
    жылы болады.
     Оқушы: Бозторғай ән салса,күн ашық болады.
     Оқушы: Торғай шаңға аунаса,жаңбыр жауады.
     Оқушы: Сары шымшық ысқырса, шынымен күз болады.
     Оқушы: Үйрек бір аяғымен тұрып басын қанатының астына тықса,аяз   
      болады. 
 2-жүргізуші: Халық ежелден –ақ құстарға әуес,оларға деген сүйіспеншілігі шексіз ,ең жақсы көретін адамның құсқа теңеу  арқылы ықыласын білдіріп отырады.
Біздің халық ежелден аң- құстарға әуес, оларға деген сүйіспеншілігін шексіз дәріптеп, ең жақсы адамдарды құсқа теңегені белгілі. Мысалы кәнекей кім қандай теңеулер біледі?

Қазақ халқы саңылақ ұлдарын сұңқарға теңесе, төгіле ән шырқайтын әншісін бұлбұлға , ел үшін , отан үшін жанын қиятын батырларын қыранға, елден асқан сұлуын аққуға теңегені белгілі.


.Оқушылар екі топқа бөлінеді.1-топ Қарлығаш

2-топ Көгершін

1-сайыс. Әр топ өз топтарының атын қорғайды. Автор столында

Көгершін- Әділеттің, бейбітшіліктің құсы. Бақыт құсы, әлемді шарлап хат тасушы құс болған. Бірлікті , татулықты білдіретін құс.

Қарлығаш- киелі құс. Ол - адамның досы. Қарлығаш ұясын асханаларға, үйлердің кіре беріс жеріне, киіз үйдің шаңырағына салады. Ол кішкентай сәбиді аидаһардан қорғап қалған.

2-.Топ басшыларының сайысы: сұрақ-жауап

«Көгершін тобы.»

а). Ең кішкентай құс.

б). Құстар балапандарын қайда өсіреді?

в). Ең жүйрік құс?.

г). Қандай құс жұмыртқасын басқа ұяға салады?

д). Киелі құс.

ж). Қандай құстың құйрығы айыр?

  1. Құстың негізгі баспанасы? (Ұя)
    5. Қай құста мүлде ұя болмайды? (Көкек)
    6. Қазақстанда құстардың неше түрі бар? (500 түрі)

9.Махаббат - символы.

Елтаңбамызда қандай құс белгіленген? 

Чайковскийдің құстарға байланысты қандай шығармасын білесің

Ганс Христиан Андерсеннің құс туралы ертегінің аты   

«Қарлығаш тобы»

  1. Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады?  (Бүркіт)
    2. Қандай құс хат тасушы атанған? (Көгершін)
    3. Торғайдың жүрегі минутына қанша рет соғады? (260)
    а). Ең әдемі құс? Таус- peacock

б). Түнде ұшатын құсты ата.

в). Орман дәргері?

г). Өз атын өзі шақыратын құс.

д). Сөйлейтін құс?

ж). Ең алып құс

 Бейбітшілік құсы

Крыловтың мысалындаңы 3 персонаждың біреуі қандай құс?

3-сайыс. Шығармашылық сайыс:

Қарылғаш тобы: Сурет жапсырмалау

Көгершін тобы: Құстар туралы әссе жазу.

(Автор столына шығып қорғайды.)

4-сайыс. Кім көп құс біледі? ойыны: (топпен,топ мүшелерімен жұмыс) Қима қағаздарға жазылған жұмбақтарды әр топтан бір оқушы шығып суырады және өз тобына \қара сөзбен\ мимикамен айтып түсіндіреді,топ мүшелері қандай құс екенін табу керек.

5-сайыс. Жұмбақтар әлемі сайысы

1.Сайрайды бір талмайды,

Әнші құс бұл таңдайлы. (бұлбұл)

2.Қараңғыда ұшады құбылады,

Жарық көрсе қашады, тығылады. (жарқанат-bat)

3.Балапанын басатын басқа құс,

Бар осындай қасқа құс. (көкек)

  1. Бұл не деген шебер еді,

Ормандағы ағаштарды

Тұмсығымен шегеледі.  (тоқылдақ)woodpecker

5.Күндіз соқыр не деген

Түнде сондай көреген   (үкі)

  1. Бұдыр-бұдыр балшықты,

Жинады да талшықты.

Ұқсатып қамытқа,

Үй салды жабыққа.   (қарлығаш)

7.Орақ құйрық,тарақ бас,

Көп ұйқыны жаратпас.  (әтеш)

8.Ішінде тамақ салынған,

Есігі тастай жабылған.  (балапан)

9.Дала,тау,тас тұрағы

Көзі өткір қырағы.

Қасқыр түлкі бұғыға

Шабуылға шығады.  (бүркіт)

10.Су бетін сызып,

Аққұман жүр жүзіп. (аққу)

11. Көңілдің көркі сәні екен,
    Ұшқанда сазды ән екен.
    Айқындар оны байқаған,
    Адамдар қорғап сақтаған.
    Бұл қандай   (Аққу-лебедь-swan)
 12. Ауылда, қалада мекені,
     Жолаушы жүрсек шығарып салады.
     Алдыңнан шығады,
     Жаныңды еркелетеді.     (Қарлығаш-ласточка-) 
13. Күндіз тіпті ұшпайды,
    Түнде тышұан ұстайды. (жапалақ –сова-owl)
14.  Ақ сарайын талқандап,
    Шықты біреу талтандап.             (Балапан-цыпленок-chicken).
15. Қонып алып жарға,  
    Қарқылдайды  ?   (қарға-варона-raven)
16.Көктемде құстар қайтқанда,
Ең алдымен келетін.
Өзіміз күтіп алатын,
Ұя жасап беретін,
Бұл қандай құс, балалар?  (Қараторғай)
17.Маң-маң басқан жүрісі,
Барлық құстың ірісі.
Қашқанда құстай ұшпайды,
Қуғанын бірақ ұстайды.   (Түйеқұс)
18.Өзі сақ, өзі ұсақ,
Шықылықтап тұрмайды.
Құйрығы ұзын, өзі ала,
Бұл қандай құс?  (Сауысқан)
19.Дамылсыз барабан қағады
Сол жерден тамағын табады  (Тоқылдақ)
20.Ұя салып ,балапан баспайды
Өз атын атап қақсай  (Көкек) 
21.Ұшқанда тізіліп жұбын бөлмейді,
Қонса көл суы сирақтан келмейд   (Тырна)
Сайыс жеңімпаздарын анықтап,сыйлықтар беру.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь