«Табиғат – тіршілік аясы» атты биология, химия, география онкүндігінде 7 сәуір күні 10- сынып оқушылары арасында «Атажұрт» танымдық сайысын география пәнінің мұғалімі Адырбаева Р.Қ өткізді. Бірінші кезең «Қанат қақты» оқушылар Қазақстан Республикасы бойынша сұрақтарға жауап берді. Екінші кезең «Самғау» географиялық аймақтарды анықтады. Үшінші кезең «Өткел» топ басшылары Габбасов Серік және Жақсылықова Танзиля пән бойынша білімдерін көрсете білді. Төртінші кезең «Сандар сөйлейді», бұл кезеңде басқа да пәндермен байланыс болды. Әділ қазылар алқасы Абденкина Н. Б және Сапарова Ж. Т бес балдық жүйемен оқушылардың білім дәрежесін бағалады, ұпайларын есептей келе жеңімпаз ұлдар командасы болды.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау