Құрметті оқушылар, ұстаздар, ата-аналар!
Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл мереке көпұлтты халқымыздың тамаша дәстүріне, бейбітшілік пен өзара түсіністіктің символына айналды. Оның идеялары барлық ұлттар мен ұлыстардың мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне құрмет көрсету үлгілері еліміздің көпұлтты халқына етене жақын. Сондықтан да, бұл мерекені еліміздегі әрбір ұлт өзінің ең салтанатты мерекесі деп санайды.
Біздің еліміздегі қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміздің экономикасы өркендеп, ілгері басып келеді. Қоғамда тұрақтылық пен тыныштықтың сақталуы елімізде демократиялық мемлекет құруға және оның дәулетін тасытуға зор ықпал етуде.
Татулығы мен бірлігі жарасқан бейбіт елімізді бүгінде бүкіл әлем таниды. Халықаралық дәрежедегі іргелі істерді тындыра алатын өресі биік, өнегесі мол ел екендігін мойындады. Осы жылдары алған асуларымыз бен жеткен жетістіктерімізде елімізде өмір сүруші барша ұлт өкілдерінің еншісі бар.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Біздің бәріміздің мақсатымыз бір – біздің ортақ отанымыздың өркендеуі. Бұл біздің ортақ табысымыз, ортақ мақтанышымыз» деп айрықша атап өтті. Шын мәнінде біз осындай құндылықтарымызды сақтай отырып, жарасымды бірлігіміз бен табысты тірлігімізді әрі қарай дамытуымыз керек.
Ыстық ықылас пен достықтың мейрамы – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі құтты болсын!
Сіздерге бақыт пен қуаныш, дендеріңізге саулық және отбасыларыңызға амандық тілейміз!
Мектеп ұжымы!
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау