Тақырыбы: Денсаулық әлеміне саяхат
Мақсаты:оқушыларға денсаулық жайлы ақпарат беру арқылы салауатты өмір салтын ұстануға үйрету,баулу.
Барысы:
Шаттық шеңбері
«Дені сау деген не?»өлеңі
Денсаулық-ол шыныққан, 1-топ
Барлық дене мүшесі.
Денсаулық-ол тыныққан, 2-топ
Жүйке-тамыр жүйесі.
Денсаулық –ол күлуің, 3-топ
Көңіл-күйің жадырай,
Денсаулық –ол жүруің ата-ана
Ешбір жерің ауырмай.
Басты байлық –денсаулық, Барлығы бірге айтады.
Болар барлық мүшең сау.
Жүрсе жылдар бойында,
Ережелер ойында.
Мұғалім:
«Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі»
Томас Карлейль
Денсаулық-баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние.Ол жақсы болу үшін не уақытты,не күш-жігерді ,не еңбекті,тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек.Денсаулық –адам өміріндегі ең жоғары дүние болғандықтан,әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөлу қажет,үнемі денсаулықты күтіп,оның қорын көбейтіп отыру керек.Әркім өз денсаулығының нашарлауына өзі себепкер.Ауруды ағзаларға жолатпау адамдардың өз қолында.Сол себепті ,әр адам салауатты өмір салтын қалыптастыру керек.Салауатты өмір салты әрқайсысымызды дене тәрбиесімен айналысуымызға,дұрыс тамақтануымызға ,зиянды әрекеттерден аулақ болып,тазалықты сақтауымызға ынталандырады.
Бүгінгі тәрбие сағатымызда денсаулық тақырыбына арнап, денсаулық еліне саяхатқа шығамыз.
Саяхатқа шығатын балалар қандай екенін ойын арқылы білейік.
Ойын «Орныңды ауыстыр.»
-гигиенаны сақтайтын балалар орын ауыстырыңдар;
-көп ұйықтайтын балалар орын ауыстырыңдар;
- кешке ерте жатып,ерте тұратын балалар орын ауыстырыңдар;
-күн режимін сақтамайтын балалар орын ауыстырыңдар;
-спортты жақсы көретін балалар орын ауыстырыңдар;
- денсаулығы мықты балалар орын ауыстырыңдар.
1-аялдама «Дені саудың-тәні сау»Слайд1
Денсаулық дегеніміз-адам жаны мен тәнінің амандығы.Дені сау адам өзі үшін де,ол өмір сүріп жатқан қоғам үшін де керек.Қоғамдағы жұмысты тек денсаулығы бар адам ғана істей алады.
Денсаулық –зор байлық »деп бекер айтылмаған.Денсаулық адам өмірінің негізгі тірегі.Денсаулығы нашар адам қоғамға да,отбасына да жайсыз екені белгілі.Адам өз мақсатын денсаулықтың арқасында ғана жүзеге асырады.
Бүгінгі күннің,қазіргі өмірдің басты мәні,халқымыздың «Ауырып ем іздегенше,ауырмайтын жол ізде»деген қағидасы жеткіншек ұрпақтың санасына енгізу-болашақта дені сау ұрпақ тәрбиелеп шығару.
Денсаулық жайлы көріністер
2-аялдама «Ойнайық та,ойлайық»Слайд 2
Жұмбақтар шешу немесе логикалық тапсырмалар
Бұл не деген көп киім, жетпіс қабат көп киім.
Жаңбыр одан өтпейді, қабат-қабат тоны бар, түймелеуге жетпейді.
(орамжапырақ)
Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызыл дәу жатыр
(қызылша)
Сырты жасыл қатты
Іші қызыл тәтті.
(қарбыз)
Жерде жатып желіндейді,
Күз түскенше желінбейді.
(қауын)
Әр желінің асты толған көк қоян,
Жаз болғанда көк қоянды жеп қоям.
(қияр)
Бұтағында азығы
Ортасында азығы.
(алма)
Жарнама Әр топ денсаулыққа байланысты дайындаған жарнамаларын көрсетеді.
3-аялдама «Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен »
Жағдаяттар
1-топқа
Шәкен ертең болатын емтиханды ойлап,әбден мазасы кетті.Барлық сұрақтарға жауап бергендей боды.Бірақ көңіліне сенімсіздік ұялап,мазасыз ойлар бірінен соң бірі тізбектеліп келе берді.Мазасыздықтан арылыу алмаған Шәкен өзін жайсыз сезінді.
Шәкенге қандай кеңес берер едіңдер?
2-топқа
Айнаш пен Күләш бір сыныпта оқиды.Айнаш аққкөңіл,құрбыластарымен тез тіл табысып кетеді.Күлән та ашық жарқын,бірақ Айнаш болған жерде көңілі күрт өзгеріп сала береді.Неге екені белгісіз Айнаштың жетістіктері Күләшқа түрпідей тиеді.Берекесі кетіп,бойын мазасыздық билейді.
Күләштің мазасыздығының себебі неде?
3-топқа
Самат таңертең сабаққа асығыс тамақтанып шықты.Анасы баласының бұл ісіне ;
-Денсаулығыңды бұзасың ғой .Отырып дұрыс тамақ ішсең қайтер еді?-деп кейіді.
Самат анасына:
-Тамақтанудың денсаулыққа не әсері бар?-деп жүре тыңдады.
Саматтың айтқаны дұрыс па?
4-аялдама «Өмір-қозғалыс»
Флешмоб билеу
5-аялдама «Салауатты өмір салты-денсаулық»
Кластер құру
1-топ Денсаулықтың достары
2-топ Денсаулықтың дұшпаны
3-топ Күн режимін құр
Қосымша ақпарат
Фаст-фуд-денсаулықтың дұшпаны.
Фастфуд - өте тез әрі кең қолданылатын тағамдардың бірі. «Фастфуд» термині тағам деген мағынада қолданылады және бұл тағам тез дайындалады, ал бұл тұтынушыға өте қолайлы.Ондай тағамдар адамның денсаулығына зиянды әсерін тигізеді.Ас қорыту жолдарына кедергі жасайды.Сонымен қатар семіздікке әкеледі.
6-аялдама «Отбасы бақыты»
Мұғалім:
Отбасы –жер бетіндегі адамзат баласы үшін үлкен маңызға ие орта болып саналады.Отбасы-адамбаласының өсіп-өнер ұясы.Адам өмірінің ең қызықты дәурені осы отбасында өтеді.
Ерсұлтан:
Атамның ән-күйі ғажайып,
Әжемнің әлдиі ғажайып,
Анамның мейірімі ғажайып,
Әкемнің пейілі ғажайып
Осындай жақсы әдет ғажайып.
Әділ:
Бас бармағым-атам,отбасы данасы,
Балан үйрек әжем-ошақтың панасы.
Ортан терек-әкем- отау панасы,
Шылдыр шүмек-шешем үйдің ажары,
Кішкене бөбек мен*бәрінің базары.
Отбасы бақыты дегенді қалай түсінесіңдер?
Ата-аналардың балалардың ойларын тыңдау.
Дені сау болса,адамның өзі де,жан-жағындағы адамдар да ,туысқандары да бақытты болады.
Дені сау отбасы Мен Дені сау ел
Рефлексия: «Сөйлемдерді аяқта»
Мен спортты сүйемін,...
Мен және менің отбасым...
Дені сау адам болу, ...
Менің ойымша,бақыттың дені сау балалары ...
Қорытынды
Лентамен ойын «Шаңырақ құру»
Салауатты өмір салтын ұстану деген -... ойды жалғастыр.Бір-бірден шығып ,берілген сөздер бойынша жалғастыру.
(тамақ ,дәрумен,спорт,шаңғы,ауа,еңбек,аяқ-қол,көз,тырнақ,орамал,құлақ,тіс,күн,тазалық,күн режимі,білім)
Бірге:
Салауатты өмір салтын қолдайық!
Ата-ана ,ел үмітін ақтайық.
Өмірдегі басты байлық дейтұғын
Бірінші байлық –денсаулықты сақтайық!
Өз денсаулығыңды сақтау-әр адамның парызы.
Болашағымыз жарқын,еліміздің ертеңі нұрлы болсын десек,ел болып,халық болып бір шаңырақ астында адамгершілік қасиеттерді жоғары бағалап,салауатты өмір салтын ұстанайық.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау