Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530586
<

 ВЫБОР 

введите текст

"Шал ақын ауданының Жалтыр негізгі мектебі" КММ жанындағы сауықтыру алаңы тағы да есігін ашты.

Оқушылардың асыға күткен жаз мезгілі де келіп жетті. Жаз мезгілін бала атаулының бәрі де ерекше күтеді. Нағыз демалыс жазда болады. Сондықтан балалар бұл уақытты ерекше өткізгісі келеді. Бірі жазғы лагерьлерде демалса, кейбірі ата-аналарымен қалаларды аралап. Балалардың бос уақытын тиімді пайдалану, тынықтыру және денсаулықтарын нығайту мақсатында мектебімізде көптеген жылдар бойы дәстүрге айналған жазғы демалыс сауықтыру алаңы ұйымдастырылып келеді. Мектептің бастауыш сынып оқушыларына арналған сауықтыру алаңы тағы да есігін айқара ашты. Биылғы жылы да сауықтыру екі ауысымнан құралып,  мектепалды сыныбын қоса алғанда барлығы 28 бала демалды. Балалар ыстық тамақпен қаматамасыз етілді.

«Денсаулық-зор байлық» дегендей балалардың дене бітімінің дұрыс жетіліп, спортқа деген қызығушылықтарын оятып, саламатты өмір салтын ұстану мақсатында көптеген жұмыстар жүргізіліп отырды. Сауықтыру алаңы ашылған күннен бастап балалар арасындаТаңғы жаттығудан бастап спорттық жарыстар, қазақтың ұлттық ойындарын ойнап таныс болды. «Тоғызқұмалақ» ойынынан жарыс ұйымдастырылды.«Ауа,су,күн –достарымыз жан дауа» деген атпен  түрлі тренингтер, ойындар ойналды. Балалар табиғат аясына шығып, сан алуан өсімдіктерді, жәндіктерді көріп танысты. Әсіресе, балаларды майлыбояумен табиғат аясында суреттер салу қатты қызықтырды. Жазғы алаңның бір күні батпырауықтар ұшыруға арналды.

Жаз мезгілінде оқушы қайда барса да қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керектігін ескерту ата-ана үшін де, ұстаз үшін де – басты парыз. Біздің демалыс ортамызда да  бұл тақырыпта  түрлі шаралар өткізілді.  Жолда жүру ережесіне арналған «Сақта жолдың тәртібін» атты шарада балалар  танымдық ойындар ойнап,  жаяу, көлік жүргізуші орнында болып, түрлі белгілер бойынша тапсырмаларды орындады. «Өрт-тілсіз жау» тақырыбында орман өртінің шығу салдары, электр жүйелерінен шығатын өрттің неге әкеліп соғатынын жайлы әңгіме жүргізілді. «Судан сақ бол» тақырыбы бойынша жағажайда шомылу кезінде, тоғандағы, көлдегі суларда  ережелерді сақтау керектігін айтылды.

  Оқушылардың демалысын қызықты өткізуімен қатар, сондай-ақ, олардың білімділіктері мен біліктіліктерін арттыру үшін де аса зор мән берілген. Ел ертеңі, Қазақстанның көркеюі, өркендеуі– болашақ ұрпақтың   қолдарында екенін негізге ала отыра «Рәміздер күні » мерекесіне орай оқушылар ауылымыздың кітапханасына саяхатқа барды. Кітапханашы балаларға «Елімнің рәміздері » атты арнайы дайындалған бұрыштан суреттер, кітаптар, журналдар көрсетіп таныстырды. Сонымен қатар, мектеп ауласында табиғи материалдардан рәміздердің суреттерін салды.

Ән айту, би билеу байқаулары ұйымдастырылып, балалар өз өнерлерін көрсетті. Жазғы сауықтыру алаңынан балалар жақсы әсер алып қайтты.

 

Жалтыр негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Капизова Лаура Қажығалиқызы


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь