Мектеп – болашақ негізін қалыптастыратын, ел мерейін асқақтататын, тұлғалар баптайтын құтты мекен, алтын ұя. Кеңес орта мектебі шәкірттеріне үлкен тәрбие, білім беретін киелі орда. Мектебіміз – барлығымыздың мақтанышымыз. Ал мектеп абыройын асқақтатқан түлектер, болашақта еліміздің абыройын асқақтататын тұлғалар. Солардың бірі, мектебіміздің түлектері Жасланов Нұрсұлтан мен Брмжанова Айгерім ҰБТ-ны жақсы тапсырып, мемлекеттік грант иегерлері атанды. Олар еліміздің беделді жоғары оқу орындарына түсті. Нұрсұлтан Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетіне, ал Айгерім Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтына түсті. Мектебіміздің түлектерімізге ақ жол тілеп, болашақтарынан үлкен үміт күтеміз.