Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530586
<

 ВЫБОР 

введите текст

ЭКСПО-ға саяхат

ЭКСПО-ға саяхат

Ел мерейін асырған ЭКСПО -2017 халықаралық  көрмесінің басты тақырыбы «Болашақтың энергиясы».Шілденің 22ші жұлдызында Кеңес орта мектебінің 15 оқушысы  Мөлдір Серікбайқызының жетекшілігімен  ЭКСПО-2017 көрмесіне барып қайттық. Қазақ елінде ЭКСПО -2017 көрмесінің ұйымдастырылуына Елбасымыздың әлемдік беделі арқылы екендігінде сөз жоқ.Мен бұған өте қуаныштымын, әрі біздің елімізде өтіп жатқанына мақтан тұтамын.Ең бірінші «Нұр Әлем» павильонында болып, ғимараттың өте сапалы салынғанына көз жеткіздік.Оқушылар өз көздерімен әлем назарындағы көрмеге барып, заманауи дүниелерді көздерімен көрді. «Болашақтың энергиясы» тақырыбы бойынша талай қызықты жобалармен танысты. Саяхат барысында еліміздің павильонымен қатар Қытай, Үндістан, Малайзия, Біріккен Араб Әмірлігі , Австрия, Вьетнам тағы басқа павильондарды  араладық. Еліміздің ерекше көрік беріп тұрған ені 80м ,биіктігі 100 м шар тәрізді «Нұр Әлем» павильоны басқа елдерден қарағанда қатты әсер қалдырды. Павильон сегіз қабаттан тұрады.Барлығын асықпай аралап шықтық .Шыны көпірден өттік. Баламалы энергия көздерін қалай жүзеге асыратынын көрдік. Малайзия павильонын тамашалағанда есте қаларлық нәрсе, бұл тірі табиғат.Тропика ормандарында өсетін сан алуан өсімдіктер , сайраған құстардың дауыстарын естідік.Әлем  көз тіккен ЭКСПО-2017 көрмесінде барлық мемелекеттер өздерінің үздік технологиялық ғылыми жетістіктерін көрсетуге тырысуда..Солардың  ішінде әлем бойынша жасыл экономика саласында жетекші орында тұрған Қытай павильонына да кірдік. Олардың су, күн энергия көздеріне аса мән беретініне көз жеткіздік. Барлық павильондарды аралау мүмкін болмады. Қорыта айтқанда, осы сапардан құрбыларыммен қатты әсер алғанымызды айтып қуанышта болдық. Әрбір елін сүйген азамат бұндай мүмкіндікті жіберіп алмай, өз көзімен көріп тамашаласа елінің бүгінгі жетістігіне қуанары сөзсіз. Осы тамаша саяхаттың ұйымдастырылуына   мұрындық болған аудандық білім бөлімі басшысы Қайрат Ақпанұлына рахмет айтып, ризашылығымызды білдіреміз.

Бигужина Гүлназ 

Кеңес орта мектебінің

9-сынып оқушысы

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь