Тамыз айының 31-ші жұлдызында «Жаңғыру 3.0 – білімнің үлесі» атпен аудандық тамыз конференциясы өтті. Аталмыш конференцияға аудан мұғалімдерімен қатар, біздің мектебіміздің де бір топ ұстаздары қатысты. Сыздықова Назира Бөркенқызы қатысушыларға өз баяндамасымен таныстырды. Аудан әкімі Н.О.Есимов пен аудандық білім бөлімінің басшысы Қ.А.Жангужинов жиналған қауымға құттықтау лебіздерін білдіріп, білім саласының дамуына үлес қосқан мұғалімдерге алғыс хаттар мен сыйақы табыс етті. Сол топ мұғалімдердің қатарында біздің мектептің де ұстаздары бар. Физика пәнінің мұғалімі Абденкина Назгүл Бекжанқызы алғыс хатпен, қазақ тілі пәні мұғалімі Сыздықова Назира Бөркенқызы мен кітапханашысы Кенжалина Мөлдір Серікпайқызы ақшалай сыйақымен марапатталды. Әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау