Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530586
<

 ВЫБОР 

введите текст

«Мектепке жол» акцисы аясында

1 тамыз күні «Менің таңдауым-балаларға көмек!» ұранымен оныншы   жалпыреспубликалық  «Мектепке жол» акциясы басталды.Соған орай Көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан, жетім және ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларға әлеуметтік көмек көрсету, әлеуметтік себептер бойынша мектеп және мектепке дейінгі біліммен қамтылмаған оқушыларды анықтау мен есепке алу мақсатында, 2017 жылғы 1-тамыздан 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» атты республикалық акциясы ұйымдастырылып отыр.Акция кезіңде рейдтік іс-шаралар, үйлерді аралау, аз қорғалу санатына жататан балаларға, оның ішінде жалпы білім беру қорынан әлеуметтік көмек көрсету, аз қамтамасыз етілген отбасыларға көмек көрсету үшін мемлекеттік органдарды, бизнес ұйымдарының филиалдарын, меценаттарды тарту жұмыстарын өткізу жоспарланып отыр. Акцияның мақсаты жас ұрпақтың бойына адамгершілік, қамқоршылық, қайрымдылық сияқты асыл қасиеттерді дарытып, өзге жандардың мұң-мұқтажына бей-жай қарамай қолдан келгенше көмек көрсетуге тәрбиелеу.Осы бағытта қолға алынған «Мектепке жол» акциясы бойынша Кеңес орта мектебінде маңызды шаралар қолға алынып, жоспарға сай оқушыларға қайырымдылық көмек көрсету ұйымдастырылуда.Оқушыларды жаппай оқуға қамту бағытында рейдтер өткізілуде.Мектепке даярлауда тұрмысы төмен отбасыларының балаларына материалдық көмек көрсетуде.Ұжым мүшелері оқушыларға оқу құралдарын сыйласа, ауылымыздың шаруақожалықтары мен жеке кәсіпкерлері «Агро Кеңес» ШҚ басшысы Базарбеков Ж.Д. «Сыздық»ШҚ басшысы Сыздықов М.Қ, «Әмірхан»Ш.Қ басшысы Адырбаев Т.Ж,СПК «Кеңес 2015» басшысы Мухамедин С.Қ, мектеп директоры  Базарбекова Б.Қ. жеке кәсіпкер Байдалин О.А.Ел болашағына үмітпен қарайтын меценат азаматтарға алғыс мол.

       
«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» - деген екен дана халық. Қайырымдылық - халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа-жан риза» дегендей балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу әрбір адамның азаматтық парызы. Өмірдің ащы дәмін ерте татқан бүлдіршіндерімізге қол үшін созам деген жаны-жайсаң жомарт жандар қаржылай көмектерін берер деген мақсатта «Мектепке жол» акциясын өткізуде. Алақан жылуын, мейірімділікті аңсаған әрбір жанның жүрегіне жылылық ұялатып, бақыт сыйлау борышымыз. Ендеше, болашағымыз жарқын, ұрпағымыз бақытты болсын десек, бір-бірімізге қолдан келер қамқорлығымызды аямайық! Осы акцияға қатысқан барлық қатысушыларға мейірімге толы жүректеріңіздің жылуы жаһанға жайылсын демекпін.  

Н.Б Сыздықова

Кеңес орта мектебінің

  әлеуметтік ұстазы

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь