Ұстаздар мерекесін атап өту мақсатымен арнайы жоспар құрылып бекітілді. Сол жоспарға сәйкес барлық жұмыстар ұйымдастырылып өткізілді. 5-11 сынып оқушылары қабырға газеттерін «Ұлан» бұрыштамасына шығарды, Сынып жетекшілер «Мектеп – білім тірегі, Ұстаз – оның жүрегі», тақырыбында сынып сағаттар өткізді. Мектеп кітапханашысы кітапханада «Ұстаз – ұлы тұлға» атты көрме ұйымдастырды, оқушыларға жәшік безендіріліп мектеп фойесінде орналастырылды, сол жәшікке білім алушылар ұстаздарына «Шын жүректен» тілектерін жеткізді. Осы күнге орай 10-11-сынып оқушыларына мектеп әкімшлігі және мұғалім қызметтері бөлініп,оқушылар екі ауысым бойынша сабақ берді. Сонымен қатар мұғалімдер 12 сыныптары болып қүрылып, оған сынып жетекшілікке оқушылар тағайындалды. Мектеп әкімшілігіне Директор,оқу ісінің орынбасары ,тәрбие ісінің орынбасары болып оқушылар қызмет атқарды. Мектепті безендеріру. Оқушылар қабырға газеттерін, шарлар мен нақыл сөздер іліп безендірді. Оқушылардың сол күнгі жауапкершілігі және оны сезінуі, мұғалімнің қызметін түсіне білулері , өте жоғары дәрежеде байқалды. Сабақтарға жоғары дайындықпен келген. Мұғалімдерге арналған салтанатты жиынға 10-11 — сынып оқушылары қатысты. 2017-2018 оқу жылындағы «Өзін-өзі басқару» ұйымының іс-шаралары өз денгейінде атқарылды.
Ұстаздар мерекесіне арналған іс-шараларды бекіту мақсатымен Кенжалина М.С., Неғметова С.Ғ., Шаймерденова Г.Н., және технология пәнінің мұғалімі. Бигужин С.Қ «Ұстаз – жарық күні ғаламның» атты қорытынды концертті ұйымдастырып өткізді.
Комиссия :Кенжалина М.С,
Неғметова С.Ғ,
Шаймерденова Г.Н,
Бигужин С.Қ.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау