Кітап таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Міне, осы асыл қазынаны оқу қазіргі таңда төмендеп отыр.Баланың рухани байлығын мол етіп тәрбиелеудің сан түрлі жолдары бар. Солардың бірі және бірегейі-баланы кітап оқуға әуестендіру. Сондықтан біз мұғалімдер қауымы ата-аналармен сөйлесіп, үшінші сабақтан кейін үзілісте көркем әдебиет оқуды ұйымдастырудамыз. Алдымен баланы кітап оқуға үйретудің алғы шарттарымен таныстырып алдық.
Біріншіден, кітапты түсінбей құр оқудан сақтандыру керек. Талғап оқуға, оған көз қарасын білдіруге қысқаша дәптерге жазуға үйрету.
Екіншіден, оқыған кітаптарының ішінде түсінбеген сөзді немесе мақал-мәтелдерді дәйек сөздерді теріп жазып алуға арнайы дәптер аштыру керек.
Осындай бағытта жұмыс істеу арқылы оқушының кітап оқуына құмарын арттыруға болатынын байқадық. Кабинетте «Біздің кітапхана» атты бұрыш ұйымдастырылды.Оған оқушылар өздерінің кітаптарын әкеліп қойып, өздері кітапханашы болып қызмет атқарып, қанша кітап әкеліп, қаншасы қандай кітап оқитыны туралы мәліметтерді жинап отырды.Мектептің кітапханасына келген кітаптарды оқушыларға таныстырып отырудамыз.Оқушылармен бірлесе отырып оқырмандар күнін, жазушы мерейтойларын, ауызша журнал өткізу жұмыстары жүргізіліп отырылуда.Ай соңында бір-бірінен есеп алып, сынып сағаттарында кімнің қанша, қандай кітап оқығанынан хабарлама жасап отырылуда. Осыдан кейін оқушылардың кітап оқуға құлшыныс туды, зейіні артты, талғамы өсті, көп оқуға тырысты, сөздік қоры молайды.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау