2017-18 оқу жылы
«Шал ақын ауданының Еңбек бастауыш мектебі»
«Мектепке жол» акциясыныңесебі.
Елімізде мектеп жасындағы балаларды оқумен толық қамтамасыз ету және көп балалы, тұрмысы нашар отбасы балаларына материалдық көмек көрсету жұмыстарын жандандыру мақсатында 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясы өтті.
Акцияның мақсаты – мектеп жасындағы барлық баланы, оның ішінде аз қамтылған, көп балалы, толық емес, аса мұқтаж отбасынан шыққан жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, тәуекел тобындағы және өзге де әлеуметтік осал топтағы балалардың оқумен қамтылуына жағдай жасап, олардың жаңа оқу жылына мүлтіксіз дайындығын, барлық оқу құрал-жабдықтарының жеткілікті болуын қадағалау. Осы бағытта мектепішілік шаралар жоспары құрастырылды.
Акцияның жүргізілу барысы туралы ақпараттық бұрыш іске қосылды.
Мектебімізде республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы басталды. Аудандық ББ бұйрығы негізінде мектепішілік бұйрық шығарылды.Акция іс-шара жоспары талқыланып ,жауаптылар анықталып,бекітілді.Мектепте арнайы стенд әзірленді. Жоспар бойынша мектептің шағын ауданындағы үйлер араланып, тізім жасалынды.Онда 26 бала анықталды. Оның ішінде:17 мектеп жасындағы, 6 мектепке дейінгі жастағы және3даярлық сыныбындағы балалар есепке алынды. Мектеп бойынша азқамтылған отбасындағы оқушы жоқ. . Мұғалімдер мектептің қарауына бекітілген тұрғын үйлерді аралауға қызу кірісіп кетті. 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында рейдтік іс-шаралар жүзеге асырылды
Акция барысында мектеп мұғалімдері атынан Жанбырбаева Аружан 4-сынып оқушысына (оқу құралдары 2000теңгеге )көмек көрсетілді.
Мектеп меңгерушісі:Жукенова Г.А.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау