Мaқсаты:«Отан», ел құндылықтары туралы түсініктерін қалыптастыру, туған ел, өскен ортаның адам өміріндегі маңызын түсіндіру,елжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Инерактивті тақта, Рәміздер суреттері, Слайд, музыка
Cабақтың түрі:Сабақ - викторина
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру.
Cәлеметсіздер ме балалар, мен сіздерді көргеніме қуаныштымын.
Тыныштық cәті. ойша серуен
Мұғалім: балалар ыңғайланып денелеріңізді тік ұстап отырыңыздар. Көзімізді жұмып. Таңертең сабаққа келе жатырсыз. Кенет күлімдеп күн шығып саған нұрын төкті. Сол кезде сенің бойыңда керемет күш пайда болды. Бұл нұр сәулесінің саған беріп жатқан жылылығы, жақсылығы қуанышы. Оны сен достарыңа беруге мектепке асықтың. Кенет алдыңнан Иран бақ кездесті. Бақтың ішіне жайлап еніп едің тамаша табиғат, мөлдір бұлақ, тау самалынан ескен жел, бәрі- бәрі тамаша, керемет күйге енесің. Сен сол жақсылықты достарыңмен бөлісуге мектепке келдің. (музыка)жіберіліп бір сәт тыңдалады.
Ал оқушылар сіздер мектепке келе жатқанда қандай сезімде болдыңыздар?
Туған жеріңді көз алдыңа қалай елестеттің?
Оқушылар пікірі тыңдалады. Жетекші сұрақтар арқылы тақырып ашылады.
Жаңа сабақ «Мен елімнің патриотымын!»
Оқушылар сіздер патриот деген сөзді қалай түсінесіңдер?
-Сен өз еліңді қалай сүйесің?
- Нағыз азамат деп кімді айтар едің? Оқушылардың жауабы тыңдалады.
Менің елім-
Қазақстан
Қазақ елін сақтаған,
Қазақ ұлты ержүрек
Мен сенімен мақтанам
Ұрпақтан –ұрпақ жалғаған
Тілін, ұлтын сақтаған.
Қазақ елі бірлікшіл,
Намысын жатқа сатпаған
Менде мақтан тұтамын,
Елімізді жарқын сақтаған.
Елбасына мың тағзым
Жағдайымды жасаған
Оқушылар өздерің тәуелсіздік туралы өз ойларыңызды айтып өтсеңіздер.
Экраннан «Өз елім» әнінің клипі жіберіледі.
Ойланайық, пікірлесейік айдары бойынша жетекші сұрақтар қойылады.
-ән айтылып жатқан кезде қандай сезімде болдыңдар?
- «Жерім деп менің, елім деп менің соғады мәңгі жүрегім» деген сөзді қалай түсінесіңдер.
«Тәуелсіздік», туған ел, жер деген сөздер жүрекке жылы әсер етеді. Туған елін, өскен жерін сүю – әрбір ұрпақтың парызы. Сондықтан да әрбір адам туып – өскен жерін аялайды, қастерлейді, қорғайды, мақтан тұтады. Өйткені Отан алтын бесігіміз, ата анамыз!
Дәйексөз «Ел іші- алтын бесік» -деген мақал берілген осыны қалай түсінесіңдер.
Оқушылар пікірі тыңдалады.
Мұғалім сөзі: «Ел іші- алтын бесік» - деп бекер айтылмаған. Иа балалар сіздер дұрыс айтасыздар. Әрбір адам туғаннан ақ бесігінде тербеледі. Олай дейтінім ол сол елдің топырағында өсіп, суын ішіп, ауасымен дем алып, табиғатымен біте қайнасады. Елмен бірге болып суығына төзеді, ыстығына шыдап өз елімен бірге тәрбиеленеді.
ПАТРИОТ сөзінің әрбір әріпіне, сол әріптен басталатын адамның жақсы қасиеттерін жазып шығыңыздар.
Балалар сіздер бүгінгі сабақта нұр сәулесімен қуат алып білімізді тиянақтап үнемі елдің алғысына бөленіп, үлкендерден бата алып, кішілердің құрметіне бөленіп, тәуелсіз Қазақстанды көркейтетін нағыз елжанды азамат болуды үйрендік. Абай атамыздың 14 қара сөзінде «Адам бойындағы ең қымбаты – оның жүрегі». Мейріміділік, ізгілік, өзгені өз бауырындай қабылдау, оған өзіне тілейтін тілек тілейтінің барлығы жүрек қалауы. Адам болып туу аз. Адам бола білу керек! «Адам болу қағидасын мұрат ет» - дейді. Абай атамыз «Ғажайып сөздер» айдарымен тоқталар болсақ.
-елдің беделін көтеретін;
-елдің атын шығаратын;
-елдің қамын ойлайтын;
-елі үшін еңбек ететін;
- елі үшін өмір сүретін – нағыз АЗАМАТ, нағыз ПАТРИОТ Сендерсіңдер. Мен сендерге сенемін.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау