Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530586
<

 ВЫБОР 

введите текст

Денсаулық апталығы.

Жалпы, мектепте «Денсаулық апталығын» өткізуге мектеп тай-тұяғымен атсалысты десек, артық айтқанымыз емес. Дәлірек айтар болсақ,  аптаның бірінші күні мектептің дәрігері Л.Р.Кожахметова 1-4сынып оқушыларымен дұрыс тамақтану денсаулық кепілі екені жөнінде әңгіме өткізсе,ал «Еркетай» ш.о тәрбиеленушілеріне дәрумендер мен жеміс-жидектің бала ағзасына қандай пайда беретіні жөнінде әңгімеледі.
Бастауыш сынып мұғалімдері  оқушылар арасында көңілді старттар ұйымдастырса,  мектеп психологы А.Ж.Шамганова әнұранымызды асқақтатып, еліміздің көк байрағын желбіреткен спорт тарландары туралы тартымды дөңгелек үстел ұйымдастырды. «Денсаулық аптасының» бір күні де оқушылар үшін де, шағын орталық тәрбиеленушілері үшін де бос өтпей, әр түрлі денсаулыққа байланысты тартымды әңгімелерге, спорт жарыстарына ұласып отырды. Аптаның соңғы күні «денсаулық күні» аталып,  мектеп оқушылары мен тәрбиеленушілер шағын орталық тәрбиешілері Венинг М.И. ұйымдастыруымен өткен «Анам және мен   достасамыз спортпен!» атты толағай эстафеталық жарыс жолына шықты.
Бұл сайыста әр отбасылық команда өздерін таныстырып, музыкалы-спорттық нөмерін және ұранын назарға ұсынды.  «Са
лауатты өмір - жарқын болашақ» деп сайысқа шыққан ана, әжелеріміз: Балжан, Шәпия, Марал, Күлбаршын,Әйгерім, Баян атты ауылдастар. Әділқазылар алқасы Н.Қ.Шамғанов пен ауданнан келген Орынбасар қонағымыз болды.Сайыс 5 турдан тұрды.Әр эстафеталық сайыс сайын аналарымыз өздерінің ептіліктері мен шапшаңдықтарын көрсетіп,  жарсқа белсене қатысты. Ал, сайыстың қызған кезінде зейнетке шыққан әжелеріміз қаппен секіріп жарысудан алдарына жан салмады.Сайыстың соңғы турында қазақтың ұлттық ойыны «Арқан тартуда» Әйгерім анамыздан мықты ана табылмады.Иә,қатысушыларымыз барлық сыннан сүрінбей өтіп,өздерін спорт сүйгіш отбасы ретінде көрсетті.Осылайша, әділқазыларымыз денсаулық күнін қорытындылап, қатысушыларға өз алғыстарын білдіріп, «ұрпақ болашағы – ұлт саулығы», ұрпағымыз дені сау болып тұрса, еліміздің  де мықты болып тұрары сөзсіз,- деген пікірлерін білдіріп, жеңімпаздарды бағалы сыйлықтармен, мектеп әкімшілігінің мақтау грамоталарымен марапаттады. 

 «Күнделікті дене қимылының белсенділігі - денсаулық пен ұзақ өмір сүрудің жолы!» , бұл әрбір азаматты күн сайын салауатты өмір салтын жүргізуге, зиянды әдеттерге қарсы тұра білуге,салауатты өмір салтынын дағдыларын меңгеруге шақырады.Осы шара барлық мектеп оқушыларына салауатты өмір салтының қырлары бойынша хабардар болуына мүмкіндік береді және ұзақ өмір сүруге жол ашады! Осындай елеусіз болып көрінгенмен, үлкен мақсатты мұрат тұтып, өткізілген бағамды іс-шара есеп үшін ғана өткізілмегені анық. Ендеше болашақ ұрпақтың денсаулығын бала жастан қалыптастыруға есеп үшін емес, ертең үшін өткені көңіл қуантады. Осындай игілікті шаралардан ұтарымыз көп.

Венинг Марина Ивановна                                                              


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь