Қазан айының 13-ші жұлдызында «Жастар бастамалары» орталығымен ұйымдастырылған аудан әкімінің кубогына Жайдарман ойындарының соңғы шешуші ойыны өтті. Аталмыш ойынға ауданымыздың ең мықты командалары қатысты. Олар «Кеңесбаевтар», «Крещеннские баклажаны», «Заря сити». Бұл командалар іріктеу ойындарына қатысып, шешуші ойынға жолдама алған болатын. Ал Қазақ интернатының құрама командасын тосынсый ретінде ойынға шақырылған болатын.
Командалар сәлемдесу, күзгі кастюм және де бейнефильм түсіру сайыстарында бақтарын сыңады. Ойын барысында біздің командамыздың әзілдері жоғары деңгейдеболып, көрермен мен әдіоқазылар көңілінен шыққаны залдағы соғылған қошеметтерінен білінді. Ал бейнефильм сайысында біздің командамыздың теңіне сай келер ешкім болмады. Құттықтаймыз!
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау