Қарашаның 1-і күні оқушылардың күзгі демалыстарын ұйымдастыру мақсатында өткізілген іс-шаралардың бірі «Мен және менің айналам» тақырыбында психологиялық тренинг өтті. Аталмыш іс-шараға 8-11 сынып оқушылары қатысты. Тренингтің мақсаты өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін оқушыларға түсіндіре отырып, бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін және жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыру болды. Тренинг құрылымында мақсатқа жету үшін түрлі жаттығулар өтілді. Олар «Автопортрет», «Мен басқаның көзімен»,«Жүйрік ой» және т.б. жаттығулар. Тренинг барысында оқушылар өздерін еркін сезініп, өз ойларын ортаға сала білді.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау