Қазанның 12-күні жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың негізгі тақырыбы «Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алуы» болды. Мектебіміздің педагог-психологі Қуаныш Маратқызы ата-аналарға аталмыш тақырыпта баяндама оқып, кеңес бере отырып, ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Онымен қоса ерте жүктілік, ғаламтордағы бала қауіпсіздігі сынды тақырыптарда әңгіме қозғалып, ескертпе жұмыстар жүргізілді. «Синий кит», «Красная сова», «Собачий кайф» сияқты қауіпті ойындар туралы да ата-аналарға қосымша ақпарат берілді. Ата-аналардан сауалнамалар алынды.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау