Қарашаның 22-cі Петропавл қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар сайысының облыстық кезеңі өтті. Аталмыш сайысқа мектебімізден Сыздықов Данияр мен Қапаров Шұғайып қатысып, аудандық кезеңде жеңімпаз атанып, облыстық кезеңде аудан намысын қорғады. Сайыс нәтижесінде Қапаров Шұғайып «Өлкетану» бағытында «Кеңес ауылының табиғат ерекшеліктері» тақырыбымен жүлделі ІІІ орынға ие болды.
Дәл осы күні Петропавл қаласында психология және әлеуметтік педагогиканың өзекті мәселелері бойынша облыстық ғылыми жобалар сайысы өткен болатын. Сайысқа мектебімізден Жалтурова Меруерт қатысып, жүлделі І орынға ие болды.
Жеңімпаздарымызды құттықтап, биік шыңдардан көріне берулеріне тілектеспіз!
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау