Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530586
<

 ВЫБОР 

введите текст

Туған жерге -туыңды тік

Туған  жерге  -туыңды  тік

  Қазіргі  таңда   қалың  бұқараның  еңсесін  биіктетіп,рухын  көтеріп,жүрегін  елжіреткен  Елбасының «Болашаққа  бағдар:рухани  жаңғыру»  мақаласындағы  орындалу  міндеттерінің  ішіндегі  «Туған  жер»  бағдарламасын  ұсынды.Елі,туған  жері  дегенде  кімнің  болсын  ет  жүрегі  елжіремей  тұрмайды.Сырттағы  ауыл  азаматтары  қай  кезде  болсын  аттың  басын  елге  тіреп,амандық - саулық  сұрасып,өз  топырағында  аунап,таза  ауасымен  тыныстап  қайтады.Қолдарынан   келген  көмектерін  мектептен  аяп  жатқан  жоқ.Кімнің  болсын өзінің  туып  өскен  жеріне  деген  сүйіспеншілігі  ерекше  боп  тұрады  ғой.  Мысалға  ауыл  азаматы ,қазіргі  таңда  Петропавл  қаласының  тұрғыны  Шайкенов   Сабит  Халықұлы  жылда  жаңа  жыл   мерекесінде   мектептегі  барлық   оқушыларға   жаңа  жылдық  сыйлық  әзірлеуді   дәстүрге  айналдырған.Ата-аналардың  айтар   алғысы  шексіз.Биылғы  жаңа-жыл  мерекесінде  де   туған  жеріндегі  Социал  негізгі  мектебін  бітіріп  кеткен 2012-2017 жылғы  мектеп   түлектері  жиналып  ауыл  тұрғындарына  «Құтты  болсын,Жаңа-жыл»атты  көңілді  кеш  сыйлады.Кешті   Қабденов  Медет   пен  Сағындықова   Айдана  жүргізді.Әр  түрлі  қызықты  қойылымдар  қойып,әннен  шашу  шашты.Қазіргі  таңда   ауыл  мектептеріндегі  бала  санының  азаюы  біздің   түлектеріміздің  де  жүрегін  ауыртады  екен.Бала  саны  азайса,мектеп  жабылады,мектеп  жабылса  ауыл  құриды  деген  сөз  ғой,,,,

 

 

 

Осыған  орай  , мектеп  түлегі Ғазезов  Есен  мынадай  өлең  жолдарын  оқып,жүрегімізді  тебірентті.

Армысыздар  халайық  ауылдастар

Жаңа  жылға  жиналып  қалыпсыздар

Арнаймыз  осы  кешті біз сіздерге

Социалдың  ұл-қыздары  бетке  ұстар

Ауылым  атың  қалды  жүрегімде  мәңгілік

Жабылып ауыл  қалады деп  ойға келе  берді  сан  күдік

Туған  жер  үшін  ер  жігітке жараспайды  жай  қылық.

Сиқыр  келсе  мына   екі   қолымнан

 қала  қылып  жіберуші  ем бар  әлемге  жар қылып

Алланың  нұры  қонған  бұл-Социал

Қала  болып  жайнап   кетсін   қайтадан.

                                                       Шал  ақын   ауданы

                                                    Социал  НМ  Тәрбие  ісінің  меңгерушісі

                                                            Жангудина  Раушан  Файзуллинқызы


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь