Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру
«Туған жерің-тұғырың»
Биылғы жылғы Елбасының «Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру»бағдарламасының ішіндегі «Білім мен тәрбие»бөліміндегі төрт бағдарлама бар.»Туған жер»,»Өлкетану»,»Саналы азамат»,»Отаным-тағдырым».Осы бағдарламаның балаларға берер тәрбиелік мәні ерекше деп ойлаймын.Әр бала өзінің туған жерінің ерекше жерлерін,табиғатын жетік меңгеруі тиіс.Осы салада балалармен мектеп мұғалімдері әртүрлі тақырыпта ғылыми жұмыстарды алып,егжей-тегжей зерттеу жұмыстарын жүргізу.Өз өлкесінің керемет жерлерін біліп тану үшін.Әсіресе «Туған жер»бағдарламасы кімді болмасын елең еткізеді.Әр адам өзінің кіндік қаны тамған,туып өскен жерін,оқыған алтын ұя мектебін қайда жүрсе де ешқашан жадынан шығармайды.Біздің де мектептен оқып шығып,әр салада қызмет жасап жүрген ел ағалары,зиялы қауым өкілдері,кәсіпкерлер,шенеуліктегі аға,әпкелерімізде өз мектептеріне деген қамқорлықтарын көрсетіп жатады.Осыған орай,Социал негізгі мектебінде «Туған жер-алтын бесігім» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.Бұл шараға Л.Гумилев атындағы университетің деканы,профессор,академигі,60 -тан астам ғылыми жұмыстың авторы Ахметов Қадыр Әбілжанұлы және Астана қаласындағы жол жөндеу кәсіпкер басшысы Ахметов Сабыр Қайратұлы,Астана қаласындағы әскери қызметтегі Мукатаев Сәлік Талапұлы, Көкшетау қаласындағы Аниев Ербұлан Бақытжанұлы тб мектеп түлектері қатысты.Оқушылар өз ойларындағы сұрақтарын қойып,пікір алмасты.Осы кездесуде балалар өздеріне көп мағлұматтар алды.Қадыр Әбілжанұлы оқушыларға өте құнды ,тәрбиелі,кеңестер берді.Кеш соңында мектеп директоры Онайбекова Шынар Халыққызы келген қонақтарға алғысын білдіріп,еңбектеріне табыс тіледі.
Келген қонақтарымызда мектептің өркендеуіне,дамуына өз үлестерін аямайтындығын,қол ұшын беретіндерін айтты.Келген қонақтарымыз өздерінің сыйлықтарын табыс етті.
Ендігі міндетіміз осы аталған бағдарламаны орындап,оқушылардың бойына еліне,жеріне деген патриоттық сезімдерін оятып биік шыңдардан көрінейік.
Социал негізгі мектебі
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау