Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530586
<

 ВЫБОР 

введите текст

«Ұл ұятымен, қыз қылығымен көрікті»

         23.01.2018 күні «Ұл ұятымен, қыз қылығымен көрікті» атты 9 сыныпта ашық тәрбие сағаты өткізілді. Сынып сағатының негізгі мақсаты: өз ойларын фактілерге сүйене отырып дәлелдеп айтуға, басқа пәндерден алған білімдерін адам және қоғам пәнімен байланыстыра отырып,өз бетінше ойлай білуге, оқушылардың бойында әдептілік, сыпайлық, инабаттылық, кішіге қамқор, үлкенге құрметпен қарап ізетті болу қасиетін қалыптастыру. Сыныптас құрбыларының қадірін білуге, өзара сыйластық орнатуға, ата – баба салтын қастерлеуге , жаманнан жиреніп, жақсыдан үйренуге тәрбиелеу.

        Оқушылар «Атадан – ұлағат, анадан – ғибрат» бөлімінде  ертеде қазақ отбасында ұл бала мен қыз баланы қалай тәрбиелегені жөнінде айтып өтті.

«Азаматтық неке» туралы түсініктерін ортаға салып, ондай әдеттерден аулақ болу керек екендігіне тоқталып кетті.

Сынып сағатының қорытынды бөлімінде  оқушылар алдағы уақытта қандай  болатындықтарын  кезекпен айтып өтті.

Сынып сағаты алға қойған мақсатқа жетті, оқушылар қыз бала  мен ұл бала мектепте және үйде өздерін қалай ұстау керек екенін түсінді.

 

 

 

 

9-  сыныптың сынып жетекшісі:              Абденкина Н.Б.

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь