Мектептің оқу - тәрбие үрдісінде пәндік бірлестіктердің атқаратын жұмыстарының маңызы зор екендігі белгілі. Әдістемелік бірлестік жұмысының негізгі түрлерінің бірі - пән онкүндіктерін өткізу.
Осы орайда 2018 жылдың 29 қаңтарынан 9 ақпанға дейін Кеңес орта мектебінде МИФ онкүндігінің жоспары құрылды. МИФ онкүндігінің мақсаты - математика, информатика және физика сабақтарында, сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың білімге деген, нақты ғылымдарға деген қызығушылықтарын арттырып, ізденістері мен танымдарын қалыптастыру, жан-жақты жетілдіру, өз беттерінше шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру қабілеттерін дамыту болып табылады.
Бірлестіктің апталық жоспарымен таныстыру мақсатында алғашқы күні оқушылар жиыны өткізілді, онда апталықтың салтанатты ашылуы өтті.
Жоспарға сәйкес 5-8 сыныптар арлығында өткен «Болашақ-білімді ұрпағында» сайысы сапалы өтті, себебі, қатысушы оқушылар берілген есептерін жауапкершілікпен орындаған. Қатысқаны екі команда: «Талапкер» және «Тапқырлар». Екі командада 6 ойыншыдан болды. Ойын барысында 38 ұпаймен«Тапқырлар» тобы жеңіске жетті. «Талапкер» тобы 24 ұпай, әділ қазылар 10 ұпай меншіктеді. Жеңіске жеткен топ онкүндіктің қорытындысында дипломмен марапатталады. Жауапты мұғалімдер: Негметова С.Г. Абденкина Н.Б.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау