Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530586
<

 ВЫБОР 

введите текст

«Тәуелсіздік тұғыры биікте»


І жүргізуші:
Қайырлы күн оқушылар және ұстаздар. Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына ұлдар мен қыздарды қабылдау салтанатты жиынына қош келдіңіздер!
ІІ жүргізуші:
Армысыздар құрметті мектеп әкімшілігі, ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына арналған, сондай-ақ, жас азаматтарды еліміздің нағыз патриоттары, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді көздейтін Республикалық «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының» қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне де арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!                                                                            І жүргізуші:Бүгінгі салтанатты жиынымыз екі бөлімнен тұрады.Бірінші бөлімі оқушыларды«Жас Ұлан» ұйымына қабылдау болса, екінші бөліміміз Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына арналған «Тәуелсіздік тұғыры биікте» атты мерекелік кешіміз.
І жүргізуші:
Қазақстан күннен-күнге өркендеп, гүлденуде. Біз, осындай елде туғанымызға бақыттымыз. Бүгін ұстаздар және оқушылар Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімінде куә болып отыр.
ІІ жүргізуші:
Түсініп терең, өмірдің мәнін,
Жалынды жастар, сендерсің сәнім
Беретін бойға күш-қуат,жігер
Шырқалсын шаттық әнұран әнім! ІІ жүргізуші:
Қазақстан Республикасының туы енгізілсін!
І жүргізуші:
Оқушылар түзеліңдер, тік тұрыңдар! ҚР Әнұраны ойналсын!

2 - жүргізуші: Құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директорына Бейсенбаев Серғазы Ермекұлына беріледі.


І жүргізуші:
Білімді –көкіректе нұр деп түсін
Жігерлі, жалынды отты жыр деп түсін.
Аталған мақсат, талап, ережені,
Орындауға бәріңде міндеттісің!

«Жас Ұлан» ұйымының ұланбасы Ермекова Лаура.


Республикалық «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына кіре отырып:
1. ҚР патриоты болуға;
2. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
3. Отанымызды мақтаныш етуге;
4. Ата-ананы қадірлеуге;
5. Білімге ұмтылуға;
6. Салауатты өмір салтын ұстануға;
7. Табиғатты аялауға;
8. «Жас Ұлан» ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге;
9. Жерлестеріміздің даңқты ерлігі, өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде ант етесіңдер ме?
Ұланбасы:
Бүгінгі Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиынына дайындықтары туралы рапорт тапсыруға дайындал
Рапорт мәтіні:
Тәлімгер Бақтыбаева Аида Жақсылыққызы   Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиынына дайын. Рапорт тапсырушы топ басшысы Ермекова Лаура. Рапорт тапсырылды.
Ұланбасы:
«Біз ...»
Оқушылар: «Жас Ұлан»
Ұланбасы:
- ұранымыз
Оқушылар: «Қазақстан – Нұрсұлтан – Жас Ұлан» - 3 рет.
ІІ жүргізуші:
Егеменді еліміздің тірегі
Мектептің болашағы жігері
Достықпен татулық тілегі
«Жас Ұлан» ұйымының біз түлегі
ІІ жүргізуші:
Бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсімін «Жас Ұлан» ұйымы қатарына қабылданушы оқушыларға береміз.
( «Жас Ұланның» 1 мүшесі ант береді, қалғандары «Ант етеміз, ант етеміз, ант етеміз» деп 3 рет қайталайды) Анттың мәтіні:
Мен, ____________________, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:
Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;
Ата-анамды қадірлеуге;
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;
Білімге табандылықпен ұмтылуға;
Салауатты өмір салтын ұстануға;
Табиғатты аялауға;
«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!жүргізуші:
Құрметті қонақтар және оқушылар, сіздерді «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук және төс белгілерін табыстау рәсіміне шақырамыз.
(галстук пен төсбелгі тағу рәсімінде жүргізуші оқушылар туралы айтып тұрады)

Жараспай Оразбек, Кабиденова Аружан,Кабиденова Аяужан,Кожамбет Іңкәр

«ЖасҰлан» әнұраны орындалады.
Қошемет көрсетіледі.
ІІ жүргізуші: Құрметті, оқушылар «Жас Ұлан» ұйымына қабылдануларыңызбен құттықтаймыз! Егеменді еліміздің еңселі азаматтары болуларыңызға тілектеспіз.
І жүргізуші:Екінші бөліміміз бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына арналған «Тәуелсіздік тұғыры биікте» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!  Екі жарым ғасыр бойы бодандықтың бұғауынан босай алмаған қазақ халқы бұл күнге жету үшін талай қиындықтарды бастан өткерді.. 
Желтоқсан оқиғасы өзінің қайсарлығымен, алға қойған мақсат-мұратымен, тіпті жіберілген кемшіліктерімен де әрбір адамның есінде мәңгі сақталады.                                                                                                                                                                 31  жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңына жастар жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан.
Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақ ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қайрат Рысқұлбеков, Ляззат Асанова, СабираМұхаметжанова, Ербол Сыпатаев апаларымыз бен ағаларымыз қатысты.                          
Шағын ғана желтоқсан оқиғасына бейнебаян дайындап едік.Соны қабыл алыңыздар!

Ән: Желтоқсан желі орындайтын 5сынып оқушысы Әнуарбек Мирас пен 6 сынып оқушысы Ермекова Лаура
2 - жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!

Оқушыларымыздың тәуелсізге арнаған өлең шумақтары

Шапағат шағын орталығын ортаға шақырайық


1 - жүргізуші:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
Ән «Әрқашан күн сөнбесің » даярлық сынып


1 - жүргізуші:
Бақытым - Республикам Қазақстан,
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.
Саған жетпес құшағы әлемнің де,
Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.
«Көк туым» биі. 3- сынып оқушылары

       

2 - жүргізуші:
Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе - тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам

Ән: «Ұланымын Отанның!» орындайтын:  2- сынып оқушысы
«Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 130 - дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады..
«Пай-пай» әні жігіттер тобы
1 - жүргізуші:
Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық Нұрлы достық
Күн достық Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты
Алдарыңызда жігіттер тобының орындауында «Толғау биі»
2 - жүргізуші:
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары

Би: «Алға, Қазақстан»


Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына арналған «  Тәуелсіздік тұғыры биікте» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь