Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530586
<

 ВЫБОР 

введите текст

Тіл-жүрегімнің айнасы

«Шал ақын ауданының Бірлік негізгі мектебі»КММ

 

 

 

Тіл-жүрегімнің айнасы

 

 

 

                                                  Өткізген:Ж.З.Хамитова

 

2017 жыл

 


 

Мақсаты:

Білімділік:Жас ұрпақты ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан ана тілінің өресін әлемнің бай тілдер сатысына көтеру арқылы білімдерін шыңдау және тіліне,халқына деген сүйіспеншілігін арттыру.

         Дамытушылық:Қазақ тілінің мәртебесін көтеру,оқушылардың  тез ойланып,жауаптарын тиянақты,жүйелі айта  алуға,еркін сөйлеуге баулу.

         Тәрбиелік:Егеменді еліміздің жас қырандарын өз ұлтымыздың мәртебесін биік,ана тілінде таза сөйлеуге,басқа ұлттардың тілдерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Тіл туралы нақыл сөздер,кітаптар көрмесі,Төле би,Әйтеке би,Қазыбек би суреттері.

Сабақтың барысы:

Әнұран орындалады.

1998 жыл.Алғаш рет Тіл туралы заң қабылданғаннан кейін халқымыздың арасында және өзге ұлт өкілдері арасында ана тілімізге деген құрмет артты.Оны мойындап,мәртебесін көтеру-бізге міндет,ұрпаққа парыз.

Елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады.Олар өз тілдерінде сөйлеп,өз мәдениеттері мен салт-дәстүрлерін сақтай білген.

«Ана тілін білмейтін адам мәдениетті адам санатына қосылмайды» деп Мұхтар Әуезов айтқан екен.

Тіл- аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз.

Кезекте оқушылардың ана тіліміз туралы өлеңдері:

1-оқушы:

Ана тілім-тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сөз ойдағы.

Тілім өссе,мен де бірге өсемін,

Тілім өшсе,менде бірге өшемін.

2-оқушы:

Ана тілін білмеген –ақылы жоқ желікбас,

Ана тілін сүймеген-халқын сүйіп жарытпас.

3-оқушы:

Туған тілім-бабам тілі –өз тілім,

Туған тілім-анам тілі-өз тілім.

Туған тілім-далам тілі-өз тілім,

Туған тілім-адам тілі-өз тілім.

4-оқушы:

Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы,ерінбе.

Адамдықты көздесең,

Жаттап тоқы көңілге.

5-оқушы:

Қалың елім қазағыңа қорған бол!

Жеткіншегім жайқала өсіп орман бол.

Шет тілі мен компьютерді меңгеріп,

Елге тірек, нағыз ұлттық тұлға бол!

Қазақ халқы ежелден-ақ тіл қадірін біліп,ақылын дұрыс сөзге бағындыра білген.

Үш кемеңгер дүлдүлім,

Сақтаған ел бірлігін!-деп қазақта қара қылды қақ бөлген Төле би,Қазыбек би,Әйтеке бидің сөз үлгілеріне зер салайық.

Төле би:

Уа,халайық!

Көсіле шабар жерің бар,

Тау көтерген елің бар.

Қол бастайтын ерің бар,

Атадан қалған сара жол бар,

Сөз қадірін біліңдер!

Қазыбек би:

Біз қазақ деген мал баққан елміз,

Бірақ ешкімге соқтықпай,

Жай жатқан елміз.

Елімізден құт-береке қашпасын деп,

Жеріміздің шетін жау баспасын деп,

Найзаға үкі таққан елміз.

Ешбір дұшпан басынбаған елміз,

Басымыздан сөз асырмаған елміз.

Әйтеке би:

Тамыры суда тұрса да,

Уақыты жеткенде

Қурамайтын құрақ жоқ.

Тек жақсыдан өлмейтін сөз қалды.

Қазақ сөзі қашан да даланың қоңыр желіндей

Аңқылдап есіп тұрады.

Қазақ тілінің биязы үні

Домбыраның күмбір қаққан сазындай,

Асқақ әуенділігі шырқап салар әуендей.

 

Тіл құдіреті ауыз толтырарлықтай өте күшті,Тіл киелі,қасиетті дейміз.Сондықтан ана тілімізді қадірлеп,құрметтеуіміз керек.Сабағымызды Б.Момышұлыгың мынадай сөзімен аяқтағым келеді:

«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-бүкіл ата-бабаларымызды,тарихымызды ұмыту».

 

 

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь