«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» декадасы
2018 жылғы 12 ақпан күні «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» декадасының қорытынды іс-шарасы өткізілді. Декада барысында оқушылармен мектеп кітапханасында «Мейірім төгетін ана» тақырыбында кітапханада көрме үйымдастырылды. Бастауыш сыныптар арасында «Алтын жүрек анамыз» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті, грамоталармен марапатталды. 6-7-сынып оқушыларымен «Өнеге отбасынан» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.1-9-сыныптарында «Мейірімге толы жан» атты суреттер байқауы өтіп, жеңімпаздар марапатталды. 5-9-сыныптар арасында «Ән-көңілдің ажары» атты фестивалі ұйымдастырылды. Оған ата-аналар да қатысты. «Мейірімділік-асыл қасиет» тақырыбында ашық сабақты 6-9-сыныптарда өткізілді. Өзін-өзі тану пәні мұғалімі: Оспанова Г.Т