Ақпан айының 9-і күні мектебімізде қазақ тілі және әдебиет пәндерінің ұстаздары жетекшілік еткен «Тау тұлғалы ақын» атты әдеби-сазды кеш өтті. Бұл кеш ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналды. Құлақтан кірген ән көңілімізді тербетсе, жүректен шыққан өлең жанымызды жадыратты. Кеште өнер көрсеткен оқушылар Мұқағали атамыздың қара сөзбен көмкерілген өлеңдерін нақышына келтіре орындаулары, көрермендерді елең еткізбей қоймады.Бұл әдеби кешке 5 – 11 сынып аралығындағы оқушылар белсенді қатысты. Ақынның сөзіне жазылған әсем әндер де орындалып, көрермен жүрегіне жол тауып жатты.
Мектеп кітапханашысы кітапханада «Қазақтың хан тәңірі» атты көрме ұйымдастырды. Кітап көрмесіне ақынның шығармалары, фото-суреттер, қазақ ақын-жазушыларының ақын туралы жазған кітаптары, олардың лебіздері жазылды.
Ақынның астарлы ой түйіндеген “Аққулар ұйықтағанда” поэмасы көрінісін шебер көрсеткен оқушылар көрермендерді поэзия әлемінің тұңғиығынан сусындатқандай болды.
Дәстүрлі түрде өткізілетін бұл шараның мақсаты – оқырман қауымға ақынның төл шығармаларын таныстырып, насихаттау.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау