Алғашқы күні ашылу салтанаты барлық оқушы, мұғалімдер арасында таныстырылып қабырға стенд шығарылды. Онкүндіктің алғашқы күнінен бастап бүкіл мектеп бойынша даналардың нақыл сөздері ілінді.
Мектеп кітапханашысы Кенжалина М.С. «Алтын жүректі анамыз» атты кітап көрмесі назарға ұсынылды. «Жақсы тілек-жылы жүрек» тілектер тақтасына оқушылар өздерінің жүректерінен шыққан жылы лебіздерін білдірді. Ақпанның 9-ы күні мектебімізде бірыңғай «Отбасы бақыты», «Әдептен озбайық», «Еңбек-өмір мәні», «Татулық-достық кілті» тақырыптарында сынып сағаттары өтті. Сынып жетекшілер түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана білді.
Ақпанның 8-і күні оқушылар тағаттана күтетін «Екі жұлдыз» форматындағы «Бәрі де махаббаттан бастау алады» тақырыбында ән сайысы ұйымдастырылды. Сайыстың басты талабы жұппен ән айту. Аталмыш сайысқа 3 жұп қатысты. Әділ қазылар мен көрермендердің шешімімен Гран-при Жұмаш Айдана мен Бүркітбай Арайлым, І орынды Қазжан Аян мен Қабдуали Дәулетхан иеленсе, ал ІІ орынға Амангелді Досбол мен Серкеш Райымбек лайықты деп танылды. Жеңімпаздар әртүрлі дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Ақпанның 12-і күні 4-сыныпта «Еңбекқорлық пен өжеттік» тақырыбында ашық сабақ өтілді. Мұғалім АКТ технологиясын, соның ішінде Bilimland сайтының материалдарын тиімді пайдалана білді. Оқушылар өз ойларын ашық жеткізіп, мұғалім ұсынған жағдаяттық сұрақтарға жақсы жауап берді.
Онкүндік аясында мектебімізде аудан мұғалімдері қатысуымен өткен семинар барысында «Ән-көңілдің ажары» атты концерттік бағдарлама ұсынылды. Концерт көңілді, тартымды өткенің қонақтар білдірген жылы лебіздерден аңғаруға болады.
Бастауыш сынып оқушылары арасында «Бояулар сыры» атты суреттер көрмесі ұйымдастырылды. Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі оқушылардың еңбектерін қарап, өз бағасын берді. Жеңімпаз оқушылар дипломмен марапатталды. Оқушылардың суреттері түрлі түсті бояуларымен, мәнділігімен көзге түсті.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау