2017-2018 оқу жылы
Бірлік негізгі мектебі
«Өзін-өзі тану» онкүндігі аясында өткізілген іс шаралар есебі
01.02.2018 жылы мектебімізде «Өзін-өзі тану» Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы онкүндігіне арналған «Біз сүйетін пән» атты салтанатты линейка өткізілді.
02.02.2018 жыл. «Мейірімділік-асыл қасиет» тақырыбында 3-сыныпта ашық сабақ өтті. Ашық сабақ өте қызықты болды.Оқушылар сабақта өз қызығушылықтарын көрсетіп,жоғары деңгейде өтті.
05.02.2018 жыл..Мектеп кітапханасында «Мейірім төгетін ана» атты көрме ұйымдастырылды.
06.02.2018 жыл.. «Ән-көңілдің ажары» музыкалық кеші өткізілді.Музыкалық кеш сайыс түрінде өткізіліп, мектебіміздің барлық оқушылары қатысты.Әділқазылар әділ шешім қабылдап,1-орынды 3-сынып оқушылары иеленді.
07.02.2018 жыл. «Менің шұғылалы әлемім» атты сурет көрмесінде суреттер іріктеліп, суреттерге баға берілді.
08.02.2018 жыл.«Алтын жүрек анамыз» атты мәнерлеп оқу сайысы барысында, оқушылар өз жүректерінен шыққан өлеңдерін және Сара апамызға арнаған өлеңдерін оқып,мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.
09.02.2018 жыл «Қызығы толы бұл әлем» ашық сабағы тақырыбында 5-8 сыныптар арасында ашық сабақ өткізілді.
12.02.2018 жыл онкүндіктің қорытындысына байланысты оқушылар «Мақтау қағаздарымен» марапатталды.
Өткізген: Бактыбаева А.Ж
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау