Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530586
<

 ВЫБОР 

введите текст

Рухани жаңғыру болашаққа бағдар «Туған жер»

Сабақтың тақырыбы: Рухани жаңғыру болашаққа бағдар «Туған жер»
           Мақсаты: оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту;.
Кітапханашы:

 Армысыздар, құрметті оқушылар! Бүгінде әрбір ұлтқа салт - дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Дегенмен бақыт, әділдік, бейбітшілік, жарқын болашақ үшін күрес олардың бәрінің басын біріктірді.
«Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» дейді қазақ мақалы.
Қазақстан мемлекеті көп ұлтты. Біздің елімізде жүз отыздан астам ұлттар тұрады: ұйғыр, кәріс, дүнген, өзбек, қырғыз, түрікмен, тәжік, армян, әзербайжан, украин, белорус, түрік, шешен және тағы басқа шет мемлекеттен келген ұлттар біздің елімізде тіршілік етуде. Біз олармен татумыз, доспыз және бір - бірімізбен қоян - қолтық аралас өмір сүрудеміз.
Ағайын - туған - бар адам.
Адалдық үшін жаралған.
Бар қымбат туыстық,
Баянды болсын тыныштық! – дегім келеді

.

 

Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 50 елдің қатарына қосылу.Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде.Халқымның тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймыз.
 Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек. -Елбасы Н.Назарбаевтің мақаласынан .

 Қазақ «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған.Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа,  яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады.

 

 

Ал балалар, бүгін біздің кітапханалық сабағымыз туған жері,туған тіл,өнеріміз, құндылықтарымыз туралы.

Туған жер туралы кәне кім өлең,тақпақ біледі.

Ендеше, балалар, Қазақстан еліне саяхатқа шығайық.

 

 

Ең бірінші біздің аялдамамыз Қызылжар қаласы. Абылайхан резиденциясына келіп тоқтайық.Мұнда бізге тапсырмалар дайындап қойыпты.Сол сұрақтарға жауап берейік.Жауап бере алмасақ ,Астанаға баруымыз қиын болады.

 

 

 

1.Қазақтың ұлттық киімдерін атаңдар?

2.Абылайхан туралы не білесіңдер?

3.Қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?

Жарайсыңдар!Сұрақтарға тапжылмай дұрыс жауап бердіңдер.Саяхатымызды жалғастырайық. Енді біз Астана қаласына жол тартайық.

Астана қаласының символы не? Дұрыс айтасыңдар Бәйтерек.

Бәйтерекке міну үшін де бізге бірнеше сұрақ дайындапты.

Сұрақтарға жауап берейік.

1.Ұлттық валюта қалай аталады?

2.Әнұранның сөзін жазған кім?

3.Қандай ұлттық тағамдарды білесің?

Саяхатымызды жалғастырайық. Келесі қаламыз Шым елі  Шымкент қаласы. Астана және Қызылжар қалалары бізге сұрақтар қойса, Шым қала не әзірледі екен?  (конверт ашылады) Жұмбақтар даярлапты.Балалар, ал сендер жұмбақты шешуге дайынсыңдарма?Ендеше бастайық.

1.Аяғы бар, басы бар

Арқалаған тасы бар (Тасбақа)

2.Қанаты бар

Қауырсыны жоқ (Жарқанат)

3.Күні бойы тынбайды,

Дәмді тағам жинайды. (Бал арасы)

Өте керемет!Жарайсыңдар балалар!Мен сендердің ақылдарына тәнтімін! Сендер барлығын біледі екенсіңдер! Бірақ бізде алда әлі қиындықтар тосып тұр.Саяхатымызды жалғастыруға дайынсыңдарма? Келесі біздің жол тартатын қаламыз қай қала деп ойлайсыңдар? Ол қала Қазақстанның ең үлкен қаласы – Алматы қаласы.Бұл қалада да бізге бірнеше тапсырма дайындапты.

Туған жер .................. алтын бесік

Туған жердің ..................жусаны да тәтті

Туған жердей жер болмас

Туған елдей ...................ел болмас
 Туған жердің ауасы ...........да шипа

Киелі мекен Маңғыстау қаласына саяхатымызды жалғастырайық.

ҚР-ң халықтарының бірлігі күні?

Қазақстанда қандай көне қалалар бар?

Абай Құнанбаев кім ?

Уақыттың қалай өтіп кеткенін де байқамай қалыппыз. Саяхатымызды осы қаладан аяқтайық.

-Бүгінгі саяхат ұнады ма?

-Қандай әсер алдыңдар?
Барлықтарыңа рахмет!

Осымен кітапханалық сабағымыз аяқталды.

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы

Шал ақын ауданы

Бірлік негізгі мектебі КММ

 

 

 

 

 

Рухани жаңғыру:Туған жер

Кітапханалық сабақ

 

 

 

Өткізген: Шагирова Г.Т

 

 

 

 

 

                                                2017-2018 оқу жылы




Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь