2018 жылдың 21 ақпанында бастауыш сынып оқушыларының арасында «Туған жердің табиғаты» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды.
Шараға бастауыш сынып оқушылары толықтай қатысты.Оқушылар «Астана» ,«Бәйтерек» топтары болып бөлінді. Сурет байқауы 3 кезеңнен тұрды. Бірінші «Кім шапшаң, кім тапқыр?» (қиылған суреттерді құрастыру) болса, екінші кезеңде араласып кеткен әріптерден сөздерді құрастыру тапсырылды. Үшінші кезеңде тақырыпқа сай өз өлкелерінің табиғатын бейнеледі. Әр топ әр кезеңді өздерінің белсенділіктерін көрсетті.
Оқушылар өздерін еркін сезініп, ойларын тегіс қағаз бетіне түсіріе білді.
Тапсырмалар интербелсенді тақтада көрсетілді. Оқушылар сурет салып жатқан кезеңде музыкалық әуен жүріп тұрды.Бастауыш мұғалімдері Кубетаева Г.С. мен Хамзина А.Ж. оқушылардың жұмыстарын бағалап отырды. Байқаудың соңында әр топ мақтау қағаздарымен марапатталды.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау