Декаданың мақсаты: махаббат пен шығармашылық аясында оқушыларға махаббат, бақыттың құндылық ретіндегі мағынасы және мейірімді адами қасиеті мен өзара көмек әрекеттері туралы түсінік беріп, қамқорлық жасау; көмек көрсету дағдыларын дамыта отыра, рухани адамгершілік қағидаларын өз бақыты үшін дұрыс қолдана білуге, өмірді бағалай білуге тәрбиелеу.
Міндеттері:
- оқушыларды болашақ бағытын айқындап, мақсат қоя білуге үйрету;
- оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру арқылы жарқын болашаққа құштарлығын дамыту;
- оқушылардың бойында рухани- адамгершілік құндылықтарын дамыту.
2018 жылғы ақпанның 1-нен 12-не дейін «Шал ақын ауданы Приишимка орта мектебі» КММ «Өзін-өзі тану: махаббат және шығармашылық педагогикасы» атты Республикалық декадасы өткізілді.
1 ақпанда декаданың салтанатты ашылуы болды, сондай-ақ мектеп оқушылары «Өзін-өзі тану» бағдарламасының авторы С.А.Назарбаеваның қайырымдылық қызметі туралы әңгімеледі, ал өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы Ибраева Бахытжан Омирзахқызы іс-шаралар жоспарымен таныстырды.
Сонымен қатар 2-12 ақпан аралығында декада кезінде кітапханашы Малыхина Т.М. және пән мұғалімі Ибраева Б.О. жетекшілігімен Сара Алпысовнаның шығармашылық қызметі туралы «Мейірім төгетін ана» кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мектепалды және 1-7 сыныптар арасында ана, мейірімділік, достық, қайырымдылық туралы мәнерлеп оқу сайысы өткізіліп, оқушылар белсенділік танытты.
9 ақпанда 1-7 сыныптарда «Мейірімділік – асыл қасиет», «Өнеге – отбасынан», «Доброта – это солнце, которое согревает душу человека», «Вечные ценности» атты тақырыптарында өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтары өткізілді.
Сондай-ақ өткізілген жұмыстың қорытындысын «Жүректен жүрекке» қабырға газетінде мұғалімдер мен оқушылар, ата-аналар өз тілектерін білдіріп, ризашылықтарын танытты.
«Өзін-өзі тану» Республикалық декадасының қорытындысы бойынша оқушылар мадақтамалармен марапатталды.
«Шал ақын ауданы Приишимка орта мектебі» КММ
Өзін –өзі тану пәнінің мұғалімі Ибраева Б.О.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау