22ақпан күні 1-4 сыныптар арасында «Сөз мерген» атты интеллектуалды сайыс өтті. Барлық бастауыш сынып оқушылары 3 топқа бөлінді. Сайыс 5 кезеңнен тұрды. Бұл сайыстың мақсаты оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ана тілінің қадір-қасиетін біліп, ойлау қабілетін, тіл байлығын дамытуға бағыттау, тәуелсіз еліміздің ана тілін жоғары қоятын ұрпақ тәрбиелеу. Сайыс тапсырмалары интербелсенді тақтадан слайд түрінде көрсетіліп тұрды. Сайыста оқушылар белсенділік танытты. Іс-шара соңында жеңімпаз топтар марапатталды.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау