Бүгінгі күннің басты мәселесінің бірі, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында болдырмау шараларын қарау. Осы мақсатта Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі әкімшілігінің жоспарына сәйкес Шал ақын аудандық ішкі істер бөлімінің бұйрығы бойынша 2018 жылдың 19-23 ақпан аралығында аудан мектептерінде «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік» тақырыбында акция өткізілді. Мектебімізде жоспарланған іс-шара саптық жиынмен басталып, «Біз бақытты баламыз!» атты мектеп оқушыларынын қатысуымен флешмобқа ұласты. Сондай-ақ «Бала құқықтары» тақырыбында қабырға газеттері шығарылды. 20.02.2018ж Кеңес орта мектебінде 9-11 сынып оқушыларымен «Бала құқығы » туралы дөңгелек үстел өтті. Оқушылар толық қатысты.
Мақсаты: оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат бере отырып, өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыру , өмірде қолдану, құқықтық білім әр адамның ісі екенін ұғындыру. Дөңгелек үстел басында ең өзекті мәселелер: бала құқықтары туралы, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, өзін-өзі ұстауы, егер жасөспірім қиын жағдайға тап болса тақырыптары мен бала құқықтары туралы Конвенцияның негізгі мәселелері талқыланды. «Адам құқығы әрбір адам үшін және жалпы ел үшін маңызды. Алайда, адам құқығы мен бостандығы қамқорлықты қажет етеді. Бала жастан өз құқықтарын пайдалана отырып, өзге адамның құқығына қол сұқпауға, заңды шеңберден шықпауды үйрену керек» екені айтылды. Дөңгелек үстелге барлық оқушылар белсенді түрде қатысты, сұрақтар қойды және оларға түсіндірме жауаптар берілді. Балалар өз құқықтары мен міндеттерін, заңдарды неғұрлым жақсы білсе, соғұрлым өмірдегі жолдары жақсы болады және қазіргі заманғы күрделі қоғамдық қатынастар ортасында өздерін сенімді ұстай біледі.
21.02. күні Шал ақын ауданы полиция лейтенанты Амандық Мейрамбек Қанатұлы «Сенің құқығың және заң» тақырыбында 5-11 сынып оқушыларымен кездесіп дәріс оқыды. Амандық М.Қ. мектепке ай сайын келіп оқушылармен кездесіп әртүрлі тақырыпта жоспарлы түрде іс-шаралар өткізіп тұрады.Айта кетсек 2017 жылы 19 қазан күні оқушыларға жол қауіпсіздігі және жолда жүру ережелерін сақтау жөнінде әңгіме, «Суицидті болдырмау,қылмыстық, әкімшілік кодекстің баптарымен таныстыру» тақырыбында дәріс өткізді . 26 қараша күні кәмелетке толмағандар арасында құқықтық тәрбие беру жөнінде әңгіме,темекінің адам ағзасына зияны туралы дәріс оқылды. 2017 жыл 14 желтоқсан күні жасөспірімдердің қоғамдық тәртіпті бұзбауының алдын алу үшін кеңестер,жасөспірімдер және зиянды әдеттер туралы әңгіме өткізді. 2018 жыл 9 қаңтар күні «Ішімдіктің жүйке жүйесіне және мінез-құлыққа әсері» арнайы сабақ, «ЖИТС-ғасыр індеті » жайында әңгімеледі. 2018жыл 15 қаңтар күні «Зиянды заттар зардабы» жөнінде әңгіме, оқушыларға жол қауіпсіздігі және жолда жүру ережелерін сақтау жөнінде арнайы сабақ өткізді..
Мектеп кітапханасында «Жасөспірім және Заң»аясында көрме ұйымдастырылды.
23.02 «Қоғам –бала құқығын қорғау жолында тақырыбында»барлық сыныптарда тәрбие сағаттары өткізілді
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау