«Біз шыныққан баламыз»
Мақсаты: балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, әсемдікті көре білуге балаларға қыс туралы түсінік беру, қыс мезгілінің ерекшеліктерін түсіндіру,қысқы ойын туралы түсініктерін байыту; ойын арқылы балаларды сабырлық, ептілік, шапшаңдық, жылдамдыққа, сондай-ақ өз жолдастарына деген қайырымдылық сезіміне тәрбиелеу. Балалар шанамен сырғанап, қардан аққала жасап, қар атысып ойнады. Ойынды қызығушылықпен ойнады. Ойындарға белсенді қатысты.
«Менің елім-Қазақстан» атты ертеңгілік өтті.
Мақсаты: Отан туралы түсінік беру; өз еліне, жеріне деген патриоттық сезімін оятып, мақтаныш сезімдерін қалыптастыру; балаларды Отансүйгішке тәрбиелеу. Балалар ортада шаттық шеңберіне тұрып бір-біріне тілектерін білдірді. Әнұран , тақпақтар мен әндер айтылды. Екі топқа бөлініп мақал-мәтелдер айтып жарысты.
Қазақ халқының ұлттық мұраларының бірі- ұлттық ойындар өйткені, ұлттық ойындар арқылы біз болашақ жас жеткіншектерді рухани сезімге тәрбиелей аламыз. «Ұлттық ойын ерекшіліктері» атты тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: балалардың денсаулығын нығайту,денені шынықтыру, құрбыларымен қарым-қатынас жасай білуі,адамгершілік қасиеттерін дамыту. Ұлттық ойындар туралы айтылды. Мысалы «Тауық күрес», «Арқан арту», «Ханталапай»т.б. «Тауық күрес» ойынын балалар қызығушылықпен ойнады.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау