Ата-аналармен жүргізілген "Көңілді қыс қызығы" атты мектептен тыс іс-шара
Мақсаты: Балаларды қысқы спорттық ойын түрлерімен таныстыру. Қыс мезгілі туралы түсінік беру. Ата-аналарды мектепішілік іс-шараларға қатыстыру, сонымен қатар салауатты өмір салтын ұстану барысында өз балаларына үлгі болу. Ата-аналар арасындағы достық қарым – қатынасты нығайту.
«Дені саудың – тәні сау» демекші, әр адам өз денсаулығының кепілі. Сондықтан өскелең ұрпаққа салауатты өмір салтының қағидаларын құлаққа сіңіре берсе, оларды сол жолға тәрбиелейтін іс-әрекеттерді басты назарда ұстаса, берер нәтижесі де оңды болары сөзсіз.
Осы айтылған қағидаттарды ұстана отырып, сынып жетекші ретінде 2018 жылғы 24 ақпан күні «Шал ақын ауданы Приишимка орта мектебі» КММ ата-аналар мен оқушылар арасында «Көңілді қыс қызығы» атты сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырылды.Осы спорт барысында ата-аналар мен оқушылардың сайысқа деген қызығушылықтары артып, ата-аналар белсенділік танытты.
Менің ойымша спортпен шұғылдануды тек сабақ процесінде ғана жүзеге асырып қана қоймай, сыныптан тыс мезгілде де іске асыру деп білемін. Жалпы сайысқа 2 топ қатысты, әр топ өздерінің топ басшысын анықтады.
Сайыс бірнеше бөлімнен тұрды:
І. Ата-анлармен тренинг жүргізу.
ІІ. Түрлі жаттығу жұмыстарын жасау.
ІІІ. Қаппен жүгіру.
ІV. Дүкенге аяқ киім үшін бару
VІ. Допты хоккей
VІІ. Капитандар сайысы
VІІI. Жүгіру арқылы шеңбер
X.Ұзақ секіру сайысы
XII. Арқан тарту сайсы
Осы аталған бағыттардың барлығы да тек қана оқушыны ғана емес сондай-ақ ата-аналардыңда спортқа деген қызығушылықтары арта түсті.
Жалпы сынып жетекші ретінде айтып кететін болсам, осы ұстанымды өзіме басты мақсат етіп алуым тиіс деп есептеймін. Себебі ата-аналардың арасындағы қарым-қатынасты нығайта түсу.
Міне осындай шаралар сыныптан тыс шараларды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Сыныптан тыс ұйымдастырылған шаралардың қай-қайсысы да оқушылардың қалыптасып жетілуіне, санасына, жан-жақты дамуына ықпал ете алатындай болуы шарт. Барлық сайыс көңілді жүргізіліп, әділқазылар әділ бағасын беріп екі топтың жеңіпазын анықтап, грамоталармен марапатталды. «Тоқсан сөздің тобықтай түйіні бар» демекші алдағы уақытта ата-анлармен түрлі іс-шаралар өткіземін деген ойдамын.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау