Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530586
<

 ВЫБОР 

введите текст

Мектептерді аттестаттаудан өткізу қажет пе?

Мектептерді аттестаттаудан өткізу қажет пе?

Аттестацияға байланысты қиыншылықтар Қазақтанның барлық мектептерінде де бар. Әсіресе, ондай қиыншылықтар шағын ауылдардағы аз қамтылған мектептерде көп кездеседі деп ойлаймын. Бірақ, мекемелерді кей кездерде толық тексерістен өткізіп отырмаса, ол - мекеме қызметкерлерінің жұмыс істеу қабілеттілігінің төмендеуіне әкеліп соғуы мүмкін. «Осындай жағдайде не істу керек?» деген көкейкесті ой әр педагогтың ойында бар шығар.

Иә, шынымен де, мемлекеттік аттестаттау мектептердің жинақтауынаа, түгенделуіне итермелейді. Бірақ, осыған байланысты мектептің педагогикалық құрамы қатты ширығады және күйзеліс халіне түседі. Сол себепті мемлекеттік аттестаттаудың күтілетін нәтижеге жеткізбейтіндігі байқалады.

Мектептерде аттестаттаусыз да, үш тілділік пен жаңа оқу бағдарламасын өткізу бойынша қызу жұмыстар жүргізіліп жатқандықтан, оқушылар ғана емес, сонымен қатар, біліктілікті арттыру тесттеріне дайындалып жатқан ұстаздардың көпшілігі де оқу мен дайындық барысында жүр, сол себепті мектептердің өзін-өзі аттестаттау тәртібіне көшкені дұрыс болады деп ойлаймын.

 

Тарих пәнінің мұғалімі:Сексембай С.Е.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь