05.03.2020 Ана деген сөзге лүпіл қақпайтын жүрек, мөлдіремейтін жанар жоқ. Әрбір ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбиінің жыламауын, сұм соғыстың болмауын тілейді. Сондықтан мына жарық дүниеге әкелген ана алдында бәріміз басымызды иеміз. Аналарымыздың ерекше мерекесіне орай "Балауса" шағын орталығында мерекелік концерт ұйымдастырылды.Концерт барысында бүлдіршіндер аяулы аналарына ән шырқап, мың бұрала би биледі.Өздерінің жаттаған тақпақтарын оқып,аналар қауымына сыйлықтарын ұсынды.