17.02.2020
«Өзін - өзі тану : Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндік аясында мектебімізде жақсы деңгейде оқушыларға іс -шаралар жүргізілді .
Өзін -өзі тану пәнінің онкүндіктерінде өткізілген сабақтар мен тәрбиелік жұмыстар оқушылардың бойына рухани ,адамгершілік сүйіспеншілік құндылықтарды дарытты.
Өзін- өзі тану бағдарламасының республика көлемінде оқытылуы жақсы бастама болды. Ұлттық тәрбиеміздің өзі «баланы жастан …» деп, ұрпағымызды сәби кезден-ақ жақсы істерге, адамгершілікке, жүректілікке, ынтымақтыққа, адамды тануға, ерлікке баулиды емес пе ? Оқушыларымыздың жас кезінен-ақ өмірді тануға, ерлік пен азаматтыққа, рухани адамгершілікке, сыйластыққа, бауырмалдыққа құлшынысы көңілге қуаныш ұялатады. Соның негізінде сезімталдығы мен мейірбандығы, имандылығы күнбе - күнге жарқырай түсуде.
Жоспарланған жұмыстар кестеге сай жүргізілген болатын.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау