Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530586
<

 ВЫБОР 

введите текст

Мектептегі тамақтану

 Кеңес орта мектебінде ыстық тамақ  ұйымдастыру  мәліметі

2019-2020 оқу жылы

     Балалардың дұрыс тамақтануы олардың денсаулығын нығайтып, дене дамуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар мидың дамуына, ойлау қабілетінің жақсаруына және жүйке жүйесіне жақсы ықпал етеді. Яғни баланың сабақ үлгерімі жақсы болуына дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Егер бала құнарлы тамақтанбаса, ағзада метаболизм, зат алмасу бұзылып, әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұрарлық қабілеті төмендейді. Сондықтан да балаларға тамақтануды дұрыс әрі сапалы ұйымдастыру біздің міндетіміз.

    2019-2020 оқу жылында мектеп өз күшімізбен  тамақтандыруды ұйымдастырдық.Алғашқы ұйымдастыру бойынша Базарбекова Б.Қ.30000 теңге салып тамақтар алынды.Мектеп учаскесі өнімдері есебінен тамақ құны 80 теңге болып келісілді.Мектептегі 63 оқушы және даярлық тобының 7 оқушысы 100 пайыз тамақтанады.Оның 10-ы жалпы білім қорының бөлінгені есебінен болса,сырттан келген 15 оқушы мұғалімдер демеушілігі арқылы тегін тамақтанады.

     Асхана бөлмесінің  ауданы 40 кв.м, 24 орынға шақталған,екі ауысымда тамақтанады.Екі апталық меню аудандық ТҚҚМ келісіліп,бекітілген.

     Аспаз Тажибаева Жаңыл Қайыржанқызы мамандығы аспаз,орта арнаулы білімі бар.Еңбек өтілімі 11 жыл. Аспаз көмекшісі Баятова Жанар Төлегенқызы мамандығы аспаз,орта арнаулы білімі бар.Еңбек өтілімі 6 жыл.Арнайы медициналық тексерістен өткен.

     Мектептегі тамақтануды ұйымдастырудың іс-шаралар жоспары құрылып,бекітілді.Асхананың санитарлық жағдайы, аспаздардың сыртқы киім үлгісі, барлық санитарлық талапқа сай. Ыдыстармен қамтылуы және ыдыс жуатын бөлменің жай-күйі қанағаттанарлық деңгейде. Асхана барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Көкөніске, дайын өнімдерге, шикізаттарға арналған стеллаждар жасалынған. Шағымдар мен ұсыныс кітабы жүргізіледі. Қол жуатын арнайы орындар жабдықталған.











               


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь