Оқушылардың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында 2019/2020 оқу жылының көктемгі каникулы 16 наурыздан 05 сәуірге дейін өзгертілді. ІІІ тоқсан бойынша тоқсандық жиынтық бағалау ( бұдан әрі - ТЖБ) 12-14 наурыз аралығында әр мектепте жоспарланған кесте бойынша өткізіледі. Сонымен қатар әр пән бойынша бір күнде өткізілетін ТЖБ саны 3-4 тен аспауы тиіс. Типтік оқу жоспарына сәйкес үшінші тоқсанда ТЖБ тапсыратын пәндер саны: 1 сыныптарда- 4 2 сыныптарда-5 3 сыныптарда-6 4 сыныптарда-6 5-6 сыныптарда- 7 7 сыныпта-10 8-9 сыныптарда - 11 10-11 сыныптарда- 10. Оқушыларға шамадан тыс салмақ түсіруге рұқсат етілмейді. Осы аралықта ұзақ уақыт денсаулығына байланысты босатқан оқушылар ТЖБ 4- тоқсанның басында Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 26 қарашадағы 509 бұйрығы негізінде жеке кесте бойынша тапсырады. ❗❗❗Каникул уақытында оқушылардың көпшілік орындарға бармауы, жеке бас гигиенасын қадағалаулары ұсынылады.