Тәуелсіздік біздің ең басты бақытымыз. Еліміздің көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болсын!
Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Тату- тәтті халқымызға бақ қонып,
Кетпесін туған жердің берекесі.
Жалтыр негізгі мектебінде тәуелсіздігіміздің 28 жылдығына орай тарих пәні мұғалімі Сексембай С.Е. және аға тәлімгер Кабиденов Б.Е. жетекшілігімен «Менің Отаным- Қазақстан» атты поэзиялық кеш ұйымдастырылды. Кешімізде оқушылар өлең шығару және мәнерлеп оқудан сайысқа түсті. Қатысушыларымыз сайысқа үлкен жауапкершілікпен, шығармашылықпен белсене қатысты. Сайыс жүлдегерлері мадақтама қағаздары және медальдармен марапатталды. Мерекемізді ұйымдастыруға атсалысқан ата- аналарға да, алғыс білдіреміз. Еліміз аман, аспанымыз ашық болғай!