Шал ақын ауданының Жалтыр негізгі мектебінде ақпан айының 03-12 аралығында «Өзін-өзі тану;Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы атты онкүндіктің өту барысы:
Адам бойындағы барлық жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың сүтінен таралған деп халық даналығында бекер айтылмаса керек.Қазақстан Республикасының бірінші ханымы Сара Алпысқызы Назарбаеваның «Өзін-өзі тану» атты жобасының жас ұрпақ тәрбиесіндегі алатын орны ерекше.Жалпы, «өзін- өзі тану» дегеніміз не?Мынау жарық әлемге келген әрбір адам ең алдымен өзі өзінің жан дүниесіне терең үңілуі тиіс. Өзін- өзі танып, қоршаған ортамен үйлесімділікте өмір сүруді үйренген адам үйлесімді қоғам құруға да үлесін қоса алады. Өзінің «Өмір әдебі» атты еңбегінде Сара Алпысқызы: «Мен баланың жас кезінен –ақ барлық уақытта сау әрі бақытты болып өсуін, өмір даналығы мен адамзатқа қызмет ету бақытына ие болып жетілуін қалаймын. Ол өзінің кім екендігін, не үшін өмір сүріп, не үшін талпынатынын пайымдай білсін. Әркім өзін ашып көрсете білуі тиіс» дейді. Осы орайда Шал ақын ауданының Жалтыр негізгі мектебінде ақпан айының 03-12 аралығында «Өзін-өзі тану;Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы атты онкүндіктің салтанатты ашылуында «Бес құндылық» әні хормен айтылып, жоспарымен таныстырылды.Рухани-адамгершілік білім беретін«Өзін-өзі тану» пәнінің авторы С.А. Назарбаеваның еңбек жолына арналған«Мейірім төккен ана» кітап көрмесі, «Сен де бір кірпіш дүниеге» мейірімділік,бейбітшілік пен достық тақырыбындағы шығармашылық жұмыстар,суреттер,ашықхаттар және қабырға газеттерінің көрмесі ұйымдастырылды.
Одан әрі «Салауатты өмір-көтеріңкі көңіл»қысқы спорттық ойындармен жалғасын тапты.Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Абилев Құмар Жангелдіұлының ұйымдастыруымен мектеп ұжымы,ата-аналар,оқушылар шаңғы жарысына шығып,таза ауада шаңғы теуіп денсаулықтарын нығайтып,көтеріңкі көңіл-күймен жақсы демалды.Келесі кезекте «Салауатты ұрпақ-мерейлі отбасынан» сынып сағаттарында отбасы құндылықтарының маңызын ашып,әркім өз отбасын шексіз сүйе біліп,отбасы бақыты үшін ерінбей еңбектенуге үйренулері керегін түсінді.Адам бойындағы адамгершілік,қайырымдылық және патриоттық тақырыбында «Өсер елдің баласы-бірін-бірі батыр дер...»дегендей елін,жерін қорғайтын батырларымыздың жүректері мейірім,сүйіспеншілікке толы болып,адал да,парасатты ұрпақ еліміздің жарқын болашағына жетелейтіні жайында мектеп әлеуметтік ұстазы Сексембай С.Е. дөңгелек стол өткізді.«Сүйіспеншілік-өмір негізі»ашық сабағында Сара Алпысқызы «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім мен тәрбие беру идеясының авторы,адам баласы өмірге келген соң айналасына қолдан келгенше шуақ шашу,жақсылық жасау-парыз екенін түсініп,өз ойларымен бөлісті.Отбасындағы жарасым негізі«сүйіспеншілік», «кешірім», «шыдамдылық»екенін өз беттерінше анықтап,«Үзілмейтін үміт» жағдаяттық,шығармашылық тапсырмалармен сабақ барысы мазмұнды,қызықты өтті.«Бәрі де Сүйіспеншіліктен басталады» мектепішілік мерекелік «Өзін-өзі тану»пәнінен 5-9 сыныптар арасында эссе жазып,олимпиадалық тапсырмалар орындалып,жеіңпаздар марапатталды. «Өзін-өзі тану;Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы атты онкүндіктің салтанатты жабылуында«Ана туралы жыр» әні хормен орындалды.
Сара Алпысқызы бір сөзінде: «...өмірде біреудің қайғысын түсінуден гөрі аяушылық басым,ал бұл екеуі екі түрлі ұғым ғой.Аяушылық адамды кемсітеді.Ал бірге қайғырып,бірге түсіне білу-адамның қайырымды істер істеуіне,қиындыққа ұшыраған,қолдауға мұқтаж жандарға көмек беруге итермелейтін ішкі ахуал»,-деген екен.Адамның адамшылығы жиған байлығында емес,өзгеге жасаған жақсылығымен өлшенеді демекші-болашақ жас ұрпақтың жүректері мейіріммен сүйіспеншілікке толы болғай.