«Татулықтың тұтқасы-тірліктің бесігі» атты әдеби марафон 9-сынып оқушылары арасында өткізілді. Іс-шара тренинг өткізуден басталды, бір-біріне жылы лебіздерін білдірді. «Анашым , әкешім рахмет сізге» әні орындалды. «Алғыс айту» күнінің шығу тарихына үңілді.Оқушылар тақырыпқа сай мақал-мәтелдерді үш тілде айтты.
«Бүгін – Алғыс айту күні» атты дөңгелек үстел 5-8-сынып оқушыларымен өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, ризашылық, рахмет, алғыс туралы түсінік беру;
«Жаныңда жүр жақсы адам.......» слайд көрсетілді. Сонымен қатар оқушылар проблемалық сұрақтарға жауап берді. «Жақсылығың қайтар өзіңе» видео ролик тамашалады.