Қашықтықтан оқытуға байланысты 02.04.2020 онлайн түрде жаппай ата-аналар жиналысы өткізілді. Сынып жетекшілері онлайн жиналыста ата-аналарға қашықтықтан оқыту процессінің қалай ұйымдастырылатынын ,ата-аналар тарапынан қандай көмек қажет болатынын түсіндірді. Айта кетсек, 6 сәуірден бастап барша қазақстандық оқушылар қашықтықтан оқуға көшеді.