Мұқанов шығармаларын мәнерлеп оқу сайысына мектебімізден 8-сынып оқушысы Сембина Айнара қатысып,мәнерлеп оқыған өлеңін бейне жазба арқылы жолдады.
https://www.facebook.com/100022960698239/posts/662360821205935/?d=n
Сәбит Мұқанов 1900 жылы 26 сәуірде қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаманшұбар ауылында кедей отбасында дүниеге келген. Жеті жасқа толғанда әкесі Мұқан қайтыс болып, сегізге аяқ басқанда анасынан айырылады. Сөйтіп жастайынан жетім қалған бала Сәбит ағасы Мұстафаның қолында қалады.
Жетімдіктің тауқыметін тартқан Сәбит еңбекке ерте араласады. Он жасынан бастап байлардың есігінде жүріп күн кешті. Қойын бақты, отыны мен суын тасыды, жылқышы болды. Жоқшылықтан көзін аша алмай, мұқтаждық қолын байлап оқи да алмады. Алайда білімге деген құштарлығы бір сәт те басылған емес. Өз бетінше оқу-білімге ұмтылып, ауыл молдасынан хат таныды. 14-15 жасында ел аузындағы жыр-толғауларды, қисса-дастандарды жаттап, мақамдап айтып үйренді. Өлең шығаруға талаптанды, ел аузына ілігіп, ауыл ішінде өлеңші бала атанды. Абай Құнанбайұлының 1909 жылы басылған өлеңдер жинағымен танысып, Абайдай ақын болуды армандады. Абайдың поэзиясы Сәбит Мұқановтың ақындық талантына зор қозғау салады.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау