Мектебіміздің түлегі Аюпова Данагүл ардагер атасына арнаған жылы лебізін бейнежазба арқылы жолдады.Майданнан аман оралған ардагеріміз Нұрғалиев Әйіп соғыс даласында ерлікпен шайқасып ,1945 жылы соғыс аяқталғаннан соң елге аман-есен оралды.Биыл Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына 75 жыл. Бұл – аға буын ардагерлеріміздің жанқияр ерлігі мен еселі еңбегінің жемісі. Уақыт өткен сайын сұрапыл соғыстың дүрбелең оқиғалары алыстап барады. Десек те, Отан үшін от кешіп, кеудесін оққа тосқан баһадүр бабаларымыздың ерен ерліктері ұмытылмайды. Ұлы Отан сұрапыл соғыстың басталған кезінде, елімізден жалпы саны 1 млн 200 мыңдай адам соғысқа аттанған еді. Отан үшін от кешкен жауынгерлеріміздің жартысы, жат жерде жан тапсырып, аман қалғандары қайтып оралды.