Балалар музыкамен залға кіреді
Ислам
Қош келдіңіздер аяулы аналар, асыл әжелер, қызғалдақ қыздар. Көңілдеріңізге көктем шуағындай,сезім мен нұрқұйып 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті.
Дидар
Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек. Өйткені аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Себебі, ана өмірдің гүлі көңілдің жыры әр отбасының алтын діңгегі. Ендеше көктемнің алғашқы күндеріне арналған «Сазды салем» бағдарламасын бастауға рұқсат етіңіздер
Ислам
Бүгінгі бағдарламада ән,жыр және видео,аудио құттықтаулар.Қоңырау шалып біздің аналарымызды құттықтаймын деушілерге мына 5-18-09 номеріне хабарласуға болады.
Дидар
Бүгінгі «Сазды салем» бағдарламасының қонақтары көп жылғы еңбегін адамның денсаулығына арнаған медбикелеріміз Лиза тәте мен Айман Оралқызын қарсы алайық.
Ислам
Және де аяулы ана,мейірімді әже Шапия тате мен Толеш Бариқызын ортаға шақырамыз.
Дидар
Қош келдіңіздер
Ислам
Ару ана өмірдің асылдары,
Жайнаған көңілімнің жасыл бағы
Дидар
Сіздер үшін ән мен би өлең мен күй
Сіздер үшін мереке шашулары
Ислам
Сіз 8-наурыз мерекесінен нені күтесіз?
Дидар
Сіздер өз өмірлеріңіздегі ең әсерлі,ең қуанышты сәттеріңіз туралы айтып берсеңіздер
Ислам
Олай, болса асыл аналар, Ақжаулықты әжелер мерекелеріңіз құтты болсын.Сідердің назарларыңызға әсем ән қабыл алыңыздар.
Ән: «Ана»орындайтын Төлебай Ақерке
Дидар:
Құрметті көрермендер! Эфирде сіздермен бірге «Саздысәлем» бағдарламасы.Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақын жанашыры, ақ сүтін беріп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Ендеше бүгінгі хабарымыздың төріне аяулы аналар Мархаба тәте,Нұргүл тәте,Бейнегүл тәтелерді шақырамыз /музыка тәтелер шығады/.
Ислам: Олай болса аяулы аналарын құттықтауға келген оқушыларымыз ыстық ықыласын таңдайық.
/Тақпақтар айтады/
Армысың мейірімді аналарым,
Мейірбан ашық көңіл даналарым,
Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен,
Құттықтайды сіздерді балаларың
Армысың ақжаулықты әжелерім,
Ақылы дариядай кемеңгерім
Ардақты аналардың мейрамында
Арнайды бүлдіршіндер өлеңдерін,
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын
Жүрегіңе жүрегімді жалғадым
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту арманым
Барша ана құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанде ана сізбен берекеміз
Ақтасақ ақ сүтыңді асыл анам
Сонда біз кісілікке теңесеміз
Асыл анам жасыл бағым жайнаған
Сол бағымда асыр салып ойнағам
Пәк жүрекпен жыр жазды перзентің
Бар тілегі сіздерге арналған.
Дидар : Мінекей біздің хабарымызға хабарласып отырған алғашқы көрерменіміз де бар екен. Тыңдайық! Алло сәлеметсіз бе?/гудок/
аудиоқоңырау
Ислам
Біз студиямыздың төріне
Жер әлемді жайнатып,
Әнші құстарды сайратып,
Гүлге бөлеп даланы,
Әнге бөлеп қаланы,
Көрікті көктем келді
Көктем:
Мен көңілді көктеммін,
Былтырда келіп кеткенмін
Құшағым гүлге толсын деп
Нөсерімді төгемін.
Дидар
Ару көктем, қошкелдің, төргешық. Сенің көктемгі жаңбырыңның арқасында айналамыз әсемдікке кенелді. Кең байтақ даламыз гүлге бөленді. Сондықтан ару көктем біз саған ризамыз.
Көктем:
Гүлдердің сан алуан,
Түрлерін мен білемін
Сол гүлдерді өсіріп
Аялаумен келемін
/Гүлдер орынан тұрады.)
Бәйшешек:
Көктем гүлі бәйшешек
Мен боламын қараңдар
Наурыз сәуір айында
Мен шығамын жайқала
Қызғалдақ:
Қырқалардың төрінде
Қаулап көзге ұрамын,
Құлпыра жайнап өңірде
Қып қызыл боп тұрамын
Жауқазын:
Жауқазынмын жайқалған
Сұлу гүлмін жайнаған
Көктемде мен гүлдесем
Құлпыра кетер айналам
Раушангүл:
Әдемімін сұлумын,
Менен қай гүл аса алған
Мен боламын раушангүл
Гүл патшасы атанған
Көктем:
Кең даламды хош иісімен, сұлулығымен жайнатқан менің әсем гүлдерім аналарымызға қуаныш сыйлап би билеп берейік.
Би: Гүлдер
Жүргізуші:Ардақты асыл аналар. Мінекей күлімдеген көктем келіп айналамыз құлпырып кетті. Көрікті көктемнің алғашқы мерекесі аналар күні қарсаңында бүлдіршіндер сіздерді құттықтап, сазды сәлем бағдарламасының төріне ______________________________________________________________
Дидар:
Күлімдеген көктемге ана жайлы
Жақсылап бір ән шырқасақ қайтеді
Ислам
Біздің халық өнерпазға бай тегі.
Әнші деп те күйшідеп те айт оны демекші біздің студия қонақтары ортасында әнші тәтелерімізде бар. Сөз берелік.
/Ән/Бағлан тәте/
Дидар
Осы бір тамаша әннен соң біз хабарымызды одан әрі қарай жалғастырамыз.
Ана деген бәйтерегі өмірдің
Ана деген қуанышы көңілдің
Ана деген әрбір үйдің жылуы
Ана деген гүлі туған өңірдің
ИсламАна бір қолымен бесік тербетсе бір қолымен әлемді тербетеді. Ананың көз нұры тастай мұзды да жібітеді екен ендеше асыл аналарды құттықтауға асығыңыздар.
ДидарҚұрметті көрермендер! Хабарымызға тағы бір көрермен хабарласқан екен. Қоңырау қабылдайық.Бұл видео құттықтау екен .Тамашалайық.
/видеоқұттықтау/
Ислам
Құрметті көрермендер сіздер біздің хабарымызға қоңырау шалып, құттықтау жолдай аласыздар. Біздің байланыс телефонымыз 5-18-09 .Жақын жандарыңызды құттықтауға асығыңыздар.Біз студиямыздың төріне асыл да ардақты кейде күлімдеп,кейде ұрсатын ұстаздарымызды шақырамыз.
/музыка/
Дидар Ал біз хабарымызды одан әрі студиямыздың қоржынына келіп түскен мына бір хатпен жалғастырамыз.
/хат оқылады/
Біздің балаларымызға тәлім-тәрбие берумен қатар олардың саналы білімді өнерлі де өнегелі боп өсуіне үлесін қосып орасан еңбек жасап жүрген апайлардың ден сау болсын , бастарына бақ қонсын, ұстаздық деген ұлы жолда талмай шаршамай еңбек ете берсіндегіміз келеді. Апайлардың құрметіне арнап тамаша би тарту етіңіздер деймін.
Ислам:Сіздің құрметтеріңізге тамаша би.Қабыл алыңыздар
/БИ/
Ислам балалар сендерде келешекте ел қорғайтын азаматтар боласыңдар! Қане балалар! Сендер үйде аналарыңа қандай көмек бересіздер? Соны айтып беріңдерші. Сендер үйде аналарыңа қандай көмек беретіндеріңді білейік.
Қалай көмектесем деп
Ертелі кеш ойладым
Ыдыстар сынып қалар деп
Кір болсада жумадым
Шаңы шығып кетер деп
Үй сыпырып қоймадым
Балабақша болмаса
Дүкенге өзім барар ем
Ақшам көп болса анама
Сәнді көйлек алар ем
Қолымнан келсе от жағып
Ағашты да жарар ем
Қыз болсам ғой қиналмай
Кірін жуып қояр ем
Шәй қайнатып, бала ойнатып
Үйді жинап қояр ем
Тамақ жасай алмаймын
Еденде жуа алмаймын
Анама берер көмегім
Мазасын алмай ойнаймын.
Дидар Мінекей, ардақты аналар! Біздің балаларымыздың берген жауабы осы болды. Расыменде бұл балалар қанша тырысып көмектескісі келгенімен шамалары келмейді. Себебі, олар әлі ойыны қанбаған ойын баласы емеспе? Сондықтан хабарымызға сәл үзіліс жасап ойын ойнап алайық. Ал біз сіздермен ойыннан соң жолығамыз.
Ойын
Ислам Міне біз де студиямызға оралдық. Асыл аналар! Мінекей сіздерді әлпештеп аялап отырған балапандарыңыз болашақта осындай беделді азаматтар болатынына біз сенеміз. Әлемнің бастауы мен таусылмайтын қазынасы өздеріңіз біз де осы Сазды бағдарлама жүргізушілері Дидар мен Ислам Сіздерге ән дайындап келдік. Қабыл алыңыздар.
Ән: «Анашым»
/Би/
Жүргізуші: Құрметті көрермендер осымен «Сазды сәлем» хабарымыз аяқталып қалды. Аяулы да ардақты аналар! Бүгінгі айтылған әдемі әндер мен әсем билер және жақсы тілектер тек сіздерге арналды. Хабарымыздың соңында бүлдіршіндердің өздеріңізге арнаған әсем гүлән қабыл алыңыздар. Ал біздің бағдарламамызды тамаша әуен жалғайды. Келесі эфирде кездескенше қош сау болыңыздар!
Ән «Ақ тілек» орындайтын Қайырлы Медина
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау