9 мамыр
Мен бұл мақаламды 9- мамыр Ұлы Отан соғысың женгенімізге 75 жыл болғандығына орай, осы женіске азда болсын бір үлесін қосқан менім отбасымның мақтаныштары атам Даулетбай Аяқапұлы және Нағима Баймағанбетқызы жайлы айта кеткім келеді. Менім атам Аяқапұлы Даулетбай 1924 жылы 1-қаңтарда Октябрь ауданы, Жаңасу ауылында дүниеге келіп, өмірінің соңғы күніне дейін еліне елеулі, халқына беделді кісі болды.Кешегі екінші дүние жүзілік соғысына қатысып, 1942 -1947 жылдары әртүрлі шендегі қызметтер атқарған. Әскери жолы тынық мұхит флотының экипаж мүшесінен басталады. 1944жылы мамыр айында екінші инженерлік сержанттар дайындайтын мектебіне жіберіледі. Русский островнда орналасқан. Бөлімше командирі, взвод командирінің орынбасары, рота старшинасына тағайындалады. Герман соғысы аяқталғансын кейін №605-нші арнайы атқыштар ротасына жібереді. Жапон соғысына қатысып көптеген ерліктер көрсетеді. Арнайы сапёр бөлімшeсін басқарып жүріп мина қойып кеткен поляларды объектілерді миналардан тазартып әскерилерге жолдарды ашып отырады. Квантук армиясының қарсыласқанына қарамастан , Кеңес әскері женіп шығады. Сол кезде көрсеткен ерлігі үшін екінші дәрежелі “ Ұлы Отан соғысының орденімен және Жапон мемлекетін женген үшін медальімен марапатталды”. Бірақ атамыздың әскері жорығы мұнымен аяқталмайды. 1945 жылы қазан айында Порт- Артур қаласына Күзет басшысығып жібереді. Әскери нысандар өте көп болатын соларды күзетіп, миналардан тазартық дейтін. Тек 1947 жылы сәуір айында елге оралады. Соғыстан кейінде атамыздың еңбегі ескерусіз қалмады. Онын айғақтарын айта кетейін , Соғыс аяқталғанына-30,40,50,60,65 жыдың медальдарымен және Кеңес одағының маршолы әскери қолбасшы Г К Жуков медальмен марапатталды. Одан басқа “Ветеран войны” 1941-1945гг “Фронтовик” 1941-1945гг төс белгілерімен марапатталады. –Соғыстан кейінде үйде қарап отырмай трактарист, мошинист мамандығын игеріп “Тың және тыңайған” жерді игеруге қатысқан. Сол еңбегі үшін “Тың және тыңайған “ жерді игерген медальмен марапатталды. Ол кісі мол астық алысты, жерді игерді, септі, күзде комбайын руліне отырып оны жинады .Қыста қар тоқтатып, сабан тасып, күзде жер жыртып дегендей аяанбай еңбек етіп. соғыстан құлдырап қалған ел экономикасына үлесін қосты. Осы еңбектері үшін Құрмет белгісі орденімен , Ерен еңбегі үшін медальмен марапатталады. Басқа әр түрлі бес медальмен марапатталған . Соның ішінде егеменді Қазақстан астанасы Астанаға-10жыл медальін тағуға сол кездегі Шал- ақын ауданын әкімі В А Колода өзі келіп табыстап кетті . Жирмадан астам Құрмет медальмен және Алғыс хаттармен марапатталды. Қашанда болсын жүзінен бір қабығын шытқанын көрген емеспін. Балаларына , немерелеріне ақыл кеңес, өмірінің әр түрлі қиында- көңілді жайларын айтып отыратын. Сұм соғыс туралы сұрағанда, ол пәле келмеске кетті ғой, еске түсірмей-ақ қойайын дейтін. – Апам қазір 89 жасқа толды, атам екеуі 62-жыл бірге өмір сүрді. Апам соғыс жылдары ерте еңбекке араласып қарапайым жұмысшы болып шыр сауып, қой бағысып, аспашы мамандықтарын игерген. Атам мен апам екеуі екі ұл, екі қыз бала тәрбиелеп өсіріп, немере- шөбере сүйіп, Апамыз үйде ортамызда отыр. Бірнеше медальмен марапатталған. Үлкен қызы Ануар және көпей қызы Алма Алматы қаласында тұрады “Казпочта” АК-да басшылық қызметтер атқарады . Қойлыбай ағам Ново- Покровка селосында әкімнің жүргізушісі қызметін атқарады . Әкем Есенбай ТОО Асыл логистикс фирмасында жұмысшы . Немерелері: Арайлым, Айдар, Бауыржан, Нұртуған және мен Айгерім әр түрлі салада жұмыс жасаймыз. Жиендері Талғат, Айнұр, Сандуғаш, Қарлығаш оқу оқып, жұмыс атқарады. Шөберелері: Сабина, Амина, Камила, Айдана, Сезім, Мариям, Айзере, Айсұлтан, Айнұр, Айкөркем. Мен және біздің отбасы Бүкіл Қазақстандықтарды Ұлы Жеңістің 75-жылдық мерекесімен құттықтаймыз. Барлығыңыздардың отбастарыңа мол бақыт, зор денсаулық тілейміз. Енді ешқашан соғыс болмасын. Осы Жеңіске, біздің бақытты өмір сүруімізге азда болса үлесін қосқандарға, Атам- Даулетбай Апам- Нағима тыл еңбеккері және барлық халықтарға бас иіп тағзым қыламын. Даулетбай-немересі Есенбай- қызы Айгерім Жаңасу бастауыш мектебінің жанындағы “Болашақ” шағын- орталығында тәрбиеші мамандығы бойынша жұмыс атқарамын
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер